2019 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция көлемі 33,1 миллиард теңге болды. Бұл былтырғы осындай кезеңімен салыстырғанда 15,6 есе көп. Салыстыру үшін айта кетсек, 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында экология қауіпсіздігі саласына 2,1 миллиард теңге аударылған. Бұл туралы Еnergyprom.kz зерттеуінде айтылады.

ҚР Энергетика министрлігінің есебіне қарағанда 2019 жылдың наурызының соңында Нұр-Сұлтан, Қарағанды мен Теміртау атмосфера ауасы ең жоғары деңгейде ластанған қалалар қатарына кіреді. Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған мен Семей ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалар тізімінде. Ал ауасы төменгі деңгейде ластанған немесе салыстырмалы түрде ауасы мейлінше таза қалалар қатарында Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда мен Павлодар бар.

Мамандардың мәліметінше, экология қауіпсіздігіне аударылған инвестиция көлемі жөнінен Атырау облысы алда тұр: 23,4 миллиард теңге, былтырғы қаңтар-наурыз айларының нәтижесіне қарағанда 45,3 есе көп. Екінші орында — Ақмола облысы, инвестиция көлемі — 5 миллиард теңге, былтырғы қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 3 миллион теңге ғана болған. Үздік үштікке Қарағанды облысы да еніп отыр: 3,3 миллиард теңге, былтырғы қаңтар-наурызға қарағанда 6,2 есе көп.

energyprom.kz
Кесте Еnergyprom.kz сайтынан

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!