Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында студент қыз қаза болды

Алматы тауларында студент қыз қаза болды

Алматы тауларында студент қыз қайтыс болды. Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлап отыр.

2 мамырда Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлаған болатын. Осы оқиғадан студент қыздың жарақат алып, қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алайда Алматының төтенше жағдайлар департаменті қыздың мәйіті «Горельник» шатқалына жақын маңда 4 мамыр күні табылғанын және Алма-Арасан шатқалындағы оқиғаға қатысты жоқ екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да