Орфографиялық нормаға сай жазылған қатарды көрсетіңіз
Орфографиялық ережеде цифр арқылы жазылатын есептік саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды, ал реттік сан араб цифры арқылы жазылса, саннан кейін (-) қойылады
Мекен-жай немесе мекенжай? Дефис қойыла ма?
Дұрыс нұсқасы - мекенжай. Біріккен сөздің арасына дефис қойып, бірлікті бұзудың қажеті жоқ.
Қай формадағы сөз дұрыс?
Әдеби тілде бекітілген норма бойынша "немқұрайды" деген форма дұрыс.
Рақмет әлде рахмет, қай нұсқа дұрыс?
Тіл комитетінің басшылығымен 2007 жылы шыққан «Орфографиялық сөздігінің 331-бетінде бұл сөз «рақмет» деп жазылған.
Қосымша дұрыс жалғанған нұсқаны табыңыз
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, әрқашан өз қалпын сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі
Ауыс-түйіс vs ауыс-күйіс, қайсысын қолдану керек?
«Ауыс-түйіс» деген әдеби нормада бекітілген. Ал «ауыс-күйіс» деген қолданыс жоқ. Сондықтан, абай болған абзал. Ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де «ауыс-түйісті» қолдануға дағдылану керек.
Қосымша дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз
ск, кс, кт, нг, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталған сөздерге де, соңғы буынның жуан не жіңішкелігіне қарамастан, қосымша жіңішке жалғанады. Мұнда бұл дыбыс қатарларының ішіндегі к, г дыбыстарының жіңішкелігі де әсер етеді.
Әдеби тілде бір түбірден тараған мына сөздердің қайсысы қолданылмайды: Риза, ырза, разы
Бір сөздің екі не одан да көп болып келетін нұсқалары болады. Табиғаты жағынан мұндай қатарлардың біркелкі емес екенін ескеру қажет. Кейбір вариант қатарларының екеуі де (кейде үшеуі, төртеуі де) қолданыла беруі мүмкін. Мысалы, әдеби тілдің өзінде бір түбірден өрбіген разы, риза, ырза деген үш түрлі тұлғаның үшеуі де жұмсалады
Жоғары немесе жоғарғы оқу орны, тілдік қолданыстағы қай нұсқа дұрыс?
«Жоғары оқу орны» болуы тиіс. Өйткені «жоғарғы» дегенде, ол анықтауыштық-анықтағыштық мағына күшейтіп, «-ғы» деген қосымша күшейтіп тұр. «Жоғарғы сөре» болуы мүмкін, «жоғарғы жақ» болуы мүмкін, «жоғарғы сот» болуы мүмкін. Ал оқу орны «жоғары» сөзімен тіркесіп қолданылуы керек.
Дұрыс жазылған сөзді табыңыз
1988 жылы жарық көрген орфографиялық сөздікте және соңғы сөздіктерде таңғалу, таңғалушылық, таңғажайып болып көрсетілген. Орфографиялық ереже бойынша осылай жазылу керек.
Әлеуметтік желіде бөлісу: