Тест: Қазақша дұрыс жазып жүрсіз бе?

0%

Сөйлемді қазақшаға аударыңыз: Я читал книгу, а он – газету

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "Мен кітап, ол газет оқыды". Тіпті дұрысырағы: Мен кітап оқыдым, ал ол газет оқыды. Қазақ тілінде құрмаластағы жай сөйлемдердің соңғысының баяндауышы түсіріліп айтылмайды. Керісінше, алдыңғы сөйлемдер баяндауышсыз қалып, ол (баяндауыш) жалпы сөйлемнің соңында айтылады немесе екі рет қайталанады.

Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "айтуЫМ керек". "Керек" сөзі жіктелмейді. Ал оның алдындағы сөз тәуелденеді.

Қате қолданылған сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.

Дұрыс! Қате!

Қатесі – "СОҢҒЫ кезде тәбетім болмай жүр". Мұндағы "соңғы кезде" - орысшадағы "в последнее время" дегеннің тікелей аудармасы. Қазақшада оны "кейінгі" деп қолданады. "Кейінгі кезде", "кейінгі уақытта", ... .

Жалғау дұрыс жалғанған қатарды белгілеңіз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "фактІГЕ, пунктКЕ, спектакльГе, ансамблІ". -ск, -кс, -кт, -нг, -лк, -нкт, -кль, -брь, -бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталған сөздерге соңғы буынның жуан не жіңішкелігіне қарамастан, қосымша жіңішке жалғанады.

Дұрыс жазылған сөздерді белгілеңіз.

Дұрыс! Қате!

Ресми түрдегі дұрыс нұсқа – "рақмет, сұХбат". Негізгі емле ережесі және "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" "рақметті" "қ" әрпімен қолдануды заңдастырған. Бұл нормалау 1983 жылы Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережесіне енгізілген түзетулер мен толықтыруларда көрсетілген. Ал "сұхбат" сөзі сол қалпында тұр. Алайда "рахмет" деген нұсқаны қате деп танудың өзі қате екенін айтатын мамандар да бар.

Дұрыс қолданылған сөзді табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "Біз - екеуМІЗ, сен – жалғыз". "Екеуміз" сөзі сөйлемде⠀баяндауыш⠀қызметін атқарып тұрса, септік жалғауы жалғанбайды, яғни "і" әрпінсіз жазылады. Мына сөйлемде "біз" бен "сен" бастауыштың, ал "екеуміз" бен "жалғыз" баяндауыштың қызметін атқарып тұр. Қалған жағдайдың бәрінде "і" әрпімен, яғни "екеуІміз" болып жазыла береді. Мысалы: "Ол екеуІміз 2-курста оқимыз". "Мұны екеуІміз де білеміз". (Қаракөз Кенжебаева, журналист)

"Убирать снег" тіркесінің дұрыс аударылған нұсқасын табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы - "қар(ды) жинау". Тазалау - бір нәрсенің бетіндегі кірді жинап алу. Бір нәрсені кірден тазалау. Мысалы, еденді тазалап жуып алуға болады. Ал "тазарту" - бір нәрсені құрамындағы лас қоспадан арылту. Мысалы, суды тазарту - лайынан, құм, топырағынан арылту деген сияқты. Қарды тазалауға болмайды, тазартуға болады. Яғни, жерде жатқан қарға араласып кеткен кір, қоқыс деген нәрсені елеп алып тастау деген сөз. Ал жерде жатқан қардың өзін тек жинап алуға болады. "Убирать" дегеніңіз де сол - жинап алу. (Дереккөз: Назгүл Қожабек, "Калькасыз қазақ тілі" Telegram-каналы)

"Жемқорлыққа қарсы күрес" деген тіркесте қандай қате бар?

Дұрыс! Қате!

"Жемқорлықпен күрес" болуы керек. Өйткені "күрес" - онсыз да бір нәрсеге қарсы әрекет. (Дереккөз: Болатбек Мұхтаров, "Қатал редактор" Telegram-каналы)

Дұрыс жалғау жалғанған сөзі бар сөйлемді табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "білгенімДІ бөлістім". Ал "білгенімМЕН бөлістімнің" несі қате? 1. Қазақ тілінде көмектес септік қандай бір әрекеттің объектісі болатын есім сөз не етістікке жалғанбайды. Көмектес септік тек әрекетті жасайтын адамның қолындағы құралды, сол әрекетті жасау амалын, тәсілін не сол әрекетті ортақ жасайтын екінші адамды білдіру үшін қолданылады. "Бөлісу" деген әрекеттің объектісі болатын сөз тек табыс септігінде тұрады: "Жар төсегін бөліскен", "Ой(ды) бөлісейік", тағы басқа. 2. Бөліс етістігі - ортақ етісте тұр. Демек, ол бір адам тарапынан жасалатын әрекетті емес, кем дегенде екі адам ортақ жасайтын әрекетті білдіреді, мысалы, "жиналғандар ой бөлісті". Ал "поделиться" сөзінің қазақ тіліндегі баламаларына келсек: Поделился куском хлеба. - Нанын бөліп берді. Поделился мыслями. - Ойын ортаға салды. Поделился новостью. - Жаңалықты жар салды (айтты, жариялады, тағы сол сияқты). Қазақ "Тамақты бөлісіп жейді, жұмысты бөлісіп істейді", бірақ тамақПЕН, жұмысПЕН бөліспейді. (Дереккөз: Назгүл Қожабек, "Калькасыз қазақ тілі" Telegram-каналы)

Бас әріп қате жазылған сөзді табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Қатесі – "Денсаулық сақтау Министрлігі". Мекеменің, білім-ғылым орындарының, партиялардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың және тағы басқаның күрделі атауының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады. Мұнда министрлікті бас әріппен жазу әдеті "Министерство здравоохранения" дегенді аударудан шыққан сияқты. Ал мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауының әр сөзі бас әріппен жазылады: Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы.

Тест: Қазақша дұрыс жазып жүрсіз бе?
Жаман емес. Қазақ тілі ережесін бір қарап шығуға кеңес береміз:)

жақсы, жарайсың, керемет

Салыстырмалы түрде дұрыс жазып жүр екенсіз 🙂

Жарайсың,үздік, бестік

Бәрекелді! Дұрыс жазуды сізден үйренуге болады 🙂

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: