"- Несі бар, тамаша биледі, өте әдемі. - Үйтіп билегені құрысын. Би деген әйел затына жарасатын кәсіп емес. - Еркектер ғана билеуі керек пе сонда? - Ойласаңшы, байқаусызда сүрініп кетіп, не қолын, не аяғын сындырып алса, қайтеді? - Ондайда Еңбекті қорғау ұйымы ақша төлейді".
Диалог Тайлақ пен анасы Тана апайдікі. Иә, Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" фильміндегі Тана апайға биші қыз ұнамаған еді.
"Анау тауға қараңдаршы, көрер көзге жап-жақын сияқты. Ал бетке алып жүре берсең, алыстай береді. Кім де кім таудың шыңына шыққан болса, жол қиындығын, міне, сол біледі. Осы ауылда сол таудың басына шыққан жан бар ма?"
Бұл - Абдолла Қарсақбаевтың "Алты жасар Алпамыс" фильміндегі Батыржан ағайдың мектеп алдында сөйлеген сөзі. Дәл сол кезде сотқар Қалихан мұғалімнің артында тұрған тордағы тышқанды босатып жібереді.
"Баяғыда осы өңірде ақылды бір қарт бопты. Сол айтқан екен: "Адамның от жағып, түтін түтеткені бірдей болса да, әрқайсы әрқилы тіршілік етеді. Бірінің жасайтыны жақсылық болса, енді бірінікі ұқсастық". Асықпасақ, кедей-кепшіктің де күні туар".
"Көксеректегі" Қасен аға кішкентай Құрмашқа қамқор болады. Бұл - оның от жағып отырып, Құрмашқа айтқан сөзі.
"Қыздар айнаға қарап, сыланған сайын өздеріне өздері сұлу көрініп, мәз болады дейді. Ал мен ше? Түрім болса, мынау".
Бұл - "Менің атым Қожадағы" Қожаның айнадағы өзінің түріне қарап тұрып айтқан сөзі.
"- Суретті керемет саласың. Мынау кім? Біреуге ұқсайтын сияқты. - Мүмкін маған шығар? Менің шешем алты жасымда жол апатынан қайтыс болған. Ал әкемді білмеймін. Тіпті көрген емеспін. Мойныңдағы тұмарың керемет екен. - Шын айтсам, сен дарынды жігітсің. Биыл қалай да оқуға түсуің керек. Әйтпесе, болмайды. Талантты бағалау керек. Елдің бәрі дарынды емес, ұқтың ба? Солай".
Диалог Гүлназ бен Оралдікі. Талғат Теменовтің "Махаббат бекетіндегі" Орал сурет салатын.
"Қарашы, қар қандай әдемі жауып тұр. Баяғыда шешем марқұм "Қара суға жапалақтап қар жауса, қара балық ұрық шашады" деуші еді".
Толомуш Өкеевтің "Көксерек" фильміндегі Қасен аға жауған қарға қарап, анасының айтқанын еске алады.
"Алдияр, не айтармын қалауымды, не айтпаспын. Абырой-атаққа ортақсың дедің, сол да жетеді маған".
Бұл - Сұлтанахмет Қожықовтың "Қыз Жібек" фильміндегі Бекежанның Сырлыбайға айтқан сөзі.
"Қайран қазағым-ау, дүниеден алар бар еншің осы ма еді?"
Бұл - "Қыз Жібектегі" Төлегеннің Бекежан қолынан өлер алдында айтқаны.
Әлеуметтік желіде бөлісу: