Егер ҰБТ тапсырсаңыз, математикадан қанша балл жинар едіңіз?

Физика есеп
Иллюстрация: ©Бекзат Исамберген
0%

Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнында қандай сан болуы керек? Егер "25"=10, "234"=24, "15"=5, "47"=28, "50"=0 болса, онда "431"=?

Дұрыс! Қате!

Заңдылық өте қарапайым ғой! Қатар тұрған цифрлардың көбейтіндісі оның мәніне тең. Демек, 431 = 4x3x1 = 12

Талапбек орыс тілін үйреніп жүр. Ол қандай да бір үш таңбалы санды алдымен цифрлармен, одан кейін орысша сөздермен жазып шықты. Сонда барлық сандар әртүрлі және өсу ретімен (солдан оңға қарай) жазылған. Сонымен бірге барлық сөздер бір ғана әріптен басталды. Осы сандағы жүздік цифрын көрсетші:

Дұрыс! Қате!

Оңай есеп дерсің, бірақ ҰБТ-да бұл сенің балыңды арттырады. Есеп шешуі мынадай: 147 - сто сорок семь. Жүздік 1 цифрынан басталып тұр.

Алманың 17/20 -сі су. Алманың неше пайызы су?

Дұрыс! Қате!

Мұны да қиын деймісің? Пайыз дегеніміз - 1/100 бөлігі. Яғни бөлімін жүзге айналдыру керек.

Заңдылықты анықтап, сұрақтың орнына тиісті санды қой:

Дұрыс! Қате!

Осы да қиын болып па?! Үшбұрыштың табанынан бастап, қатар тұрған сандарды көбейтеміз. Ал оның мәні жоғарыдағы ұяшыққа қойылады. Осыны ескерсек, сұрақ орнында 3 цифры тұруы тиіс.

Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдананың қазіргі жасын анықтап көрші:

Дұрыс! Қате!

Мектепте үйреткен болар, иә? Есеп нені сұрайды - соны х деп белгілейміз. Гүлдананың қазіргі жасы х болса, мынадай теңдеу құрамыз: 3(x - 3) = x + 3. Демек, мәні: x = 6

20-ға дейінгі жай сандардың қосындысын тапшы.

Дұрыс! Қате!

5-сыныпта үйретіп еді ғой. Жай сан дегеніміз - тек 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан. Демек: 2 + 3 + 5 + 7 + 11 + 13 + 17 + 19 = 77

Тауға көтерілген саяхатшы бірінші сағатта 800 метр биіктікке көтерілді. Ал әрбір сағат сайын алдыңғысынан қарағанда 25 м кем көтерілді. Саяхатшы 5700 м биіктікті қанша сағатта бағындырды?

Дұрыс! Қате!

Тауға қаншалықты жиі шығатыныңды біліп алдық :). Әрине, 8 сағатта емес пе?!

Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 41-бет, сол жағында 12-бет деп жазылған. Журнал неше беттен тұрады?

Дұрыс! Қате!

Журнал бетін қаншалықты жиі ашатының байқалып қалды ғой :). Журналдың басынан бастап ортасына немесе қайсыбір бүтін парағындағы беттерге дейін қанша бет болса, аяғына дейін сонша бет болады. Осылайша: 12 - 1 = 11. Демек: 41 + 11 = 52 (бет).

Ғылыми-практикалық конференцияға 35 академик қатысты, олардың 22-сі сақалды, 19-ы мұртты. Бес академиктің сақалы да, мұрты да жоқ. Қанша академиктің сақалы мен мұрты бар екенін есептеші.

Дұрыс! Қате!

Оңай есеп қой: 35 - 5 = 30 академиктің сақалы не мұрты, немесе сақалы мен мұрты бар. Демек: 19 + 22 - 30 = 11 академиктің сақалы мен мұрты бар.

Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса, онда бүгіннен бастап санағанда 2017-күн аптаның қай күніне сәйкес келеді?

Дұрыс! Қате!

Бір апта 7 күннен тұратынын білесің ғой. Демек, есепті былай шығарамыз: 2017 : 7 = 288 + 1 қалдық. 1 қалдық дегеніміз - бір күн. Демек, 2017-күн - сәрсенбіден кейінгі келесі күн - бейсенбі болады.

Егер ҰБТ тапсырсаңыз, математикадан қанша балл жинар едіңіз?
Қап-ай! Сәл ойлансаң, жоғары балл алар едің ғой!

Дегенмен, талабың бар! Аздап жаттықсаң, нағыз математикке айналарың сөзсіз! Егер ҰБТ-да математикалық сауаттылықтан қалай дайындаларыңды білмесең, iTest.kz жаттықтырғышын қолданып көр.

Барлық пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу кезінде iTest.kz саған пайдалы болады деп сенеміз!

Бәрекелді! Есепке жүйрік екенсің!

Дегенмен, тағы біраз жаттықсаң, нағыз математикке айналарың сөзсіз! Егер ҰБТ-да математикалық сауаттылықтан қалай дайындаларыңды білмесең, iTest.kz жаттықтырғышын қолданып көр.

Барлық пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу кезінде iTest.kz саған пайдалы болады деп сенеміз!

Әй, азамат! Жарадың!

Қиялың ұшқыр екен. Математиканың жілігін шағып, майын ішемін десең, тағы да жаттықтаның артық болмас. Егер ҰБТ-да математикалық сауаттылықтан қалай дайындаларыңды білмесең, iTest.kz жаттықтырғышын қолданып көр.

Барлық пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу кезінде iTest.kz саған пайдалы болады деп сенеміз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: