Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумында Транскаспий халықаралық көлік бағытының ерекше рөліне назар аударды.