Петропавлда үш адамды қасақана өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлап отыр.
Петропавлда 4-5 сәуірде су тасқынының бірінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралаған кезде белгілі болды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы үкімет қаулысы қабылданды.