Алматыда 8 шілдеде кейбір автобустардың жүру бағыты уақытша өзгерді
Абай даңғылының Тілендиев көшесінен бастап Розыбакиев көшесіне дейінгі жолдың жөндеу жұмыстарына байланысты 8 шілде күні бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
