Төменде ұсынылып отырған мақала ойда жүрген депутаттық сауалдың тезистері негізінде жазылды. Әдетте әлеуметтің мүддесін күйттеген депсауал мемлекеттік органдарға бағытталады, ал бұл мақалаға арқау болған мәселелер керісінше, салауатты қоғамның түйсігі мен талқысына арналады.
Мәжіліс депутат Ермұрат Бапи бас прокурор Берік Асыловтың атына Атырауда арабша жазуы бар Қазақстан туымен суретке түскен азаматтарды арандатқандарды жазаға тартуды сұрап, сауал жолдады.