Елбасы Жарлығымен Қазақстанда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Осыған орай қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған мерекелік шаралар Батыс Қазақстан облысында да кеңінен оздырылды.