Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма – сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы құрылады.
Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл ұсынысты "Алматыны басқару схемасын бекіту туралы" мәселе бойынша өткен мәслихат сессиясында Алматы әкімі аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов айтты.