Мәжіліс сайлауының дүркіреп өтіп, халық қалаулыларының жұмысқа кіріскеніне айға жуықтап қалды. Депутаттық мандатқа ие болғандар мәжіліс мінберінен алғашқы депутаттық сауалдарын үкімет мүшелеріне жолдап, парламентке келген бірлі-жарым министрлерді қағып-сілкіп алғанына куә болдық.