2025 жылы Қазақстан ақын, философ, сазгер әрі реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оның есімі оқулықтар мен кітаптарда ғана жүрген жоқ. Атын ұлы ақынның құрметіне қойған мыңдаған адам бар. Baribar.kz Қазақстанда Абай...
Қазақстан президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.
Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Yandex Qazaqstan Іздеудің басты бетінде оның дәйексөздері бар портретін орналастырды, сонымен қатар карталардың көмегімен Республикада классиктің атымен қандай объектілер аталғанын және олардың қанша екенін анықтады.
10 тамыз – елімізде Абай күні ретінде дәстүрлі түрде атап өтілетіні белгілі. Ұлы ақынға арналған іс-шаралар Батыс Қазақстан облысында да кеңінен көрініс тапты. Атап айтқанда, Оралдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Оған облысқа белгілі ақын-жазушылар Айтқали Нәріков, Мира Шүйіншәлиева, Талап Таймасұлы және бір топ талантты жастар қатысты.