Буын

Сөздің буын құрамы жайында әңгімелегенде, назар аударалық жайт – буындардың фонетикалық сипаты. Буынның тұрақталған тарихи фонетикалық алпатына қарап, сөздің байырғы түбірін сөздің негіз құрамынан ажыратуға болады. дауыссыз

Алтай тілдерінде, оның ішінде түркітілдерінде, буынның негізгі екі түрі кездеседі: 1. ашық буын (дауыссыз – дауысты) 2. Бітеу буын (дауыссыз – дауысты дауыссыз). Бұдан басқа сөз басында тек дауыстыдан, не дауысты – дауыссыздан құралған буындарда бар. бұдан басқа, тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі дауысыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз буын да болған. Мұндай буындардың соңындағы екінші дауыссыз р, л дыбыстарының бірі болып келеді.

  1. Алтай тілдерінде, соның ішінде түркі тілдерінде сөздің буын құрамы қандай фонетикалық сипатта болды? Дейтін мәселе жайында әзір бір тоқтамға келу қиын. Алтай тілдері жайлы әдебиеттерде бұл мәселеге екі түрлі көз қарас бар, екі көзқарас өкілдері де өз дәлелдерін ұсынады. Н. А. Баскаковтың айтуынша, осындай буындардан құралған сөздердің ішінде ең байырғысы бітеу буын түрі де, қалғандардың бәрі осы түрдің әртүрлі модификациясы. Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құрамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары және көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің бәрі де сөздің фонетикалық сипатын түгелдей бере алмағандығы еске алынады. Айталық қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында су, кейбірінде суғ тібірі кездеседі. Сол сияқты йу, жу//йуғ, сы, сын//сығын т.б. Сонда осы көрсетілген сөздердің қай варианты ескі? Дауыссызға дауыссыз болғанда да тарихи “әлсіз” деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін сы, су, бі (қазақ — биі) йу, тәрізді дауыстыға біткен екі дыбысты түбірлерді жаңарған түрі деп қарау әлде қайда дәлелді.

Бұл теорияны ұсынушылар де//те, же//йе тәрізді етістіктер де о баста й дауыссызына біткен деп есептейді. Яғни ле // те етістігінің алғашқы түрі тей, же етістігінің алғашқы тұлғасы жей. Олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қимыл есім формалары дейіне, жейіне түрінде, қазіргі түркі тілдерінде айтылатын есімдік М. Қашқари сөздігінде нен сол сияқты бір сыпыра түркі тілдерінде бу түрінде айтылатын есімдік қолданылатынын да дәлелдер ретінде келтіреді.

Сонымен, түркі сөзі ең алғашқыда үш дыбысты түбірден (дауыссыз – дауысты — дауыссыз) жасалған деп қарайтын көзқарасты ұсынушылар екі дыбысты (дауыссыз — дауысты) түбірлердің көне түркі ескерткіштерінде кездесуін соңғы “әлсіз” дауыссыздардың (р, л, н, ғ) алдыңғы дауыстымен ұласуынан, сөйтіп, созылыңқы дауыстының тулуынан немесе сол дауыссыздың түгелдей түсіп қалуынан пайда болған деп есептейді.

Көне түркі түбірі екі дыбысты ашық буыннан тұрған деп есмептейтіндердің бірі поляк ғалымы Котвич орыс тілінде “Исследование по алтайским языкам” деген атпен басылған зертеуінде қазіргі алтай тілдеріндегі екі дыбысты ашық буыннан және шамалас екенін айтады. Бұдан ашық буынды түбірлер қалайда байырғы болуы керек дейтін қорытынды шығады.

Сонымен, Котвичтің дәлелдеуінше, манғолдық формалар, яғни дауысты дыбыста (ашық буынға) біткен формалар кейінгі дамудың жемісі де, ал түркілік қысқа формалар тарихи тұрғыдан әлде қайда көне болуы керек.

Түркі тілдерінде екі дауыссыз дыбысқа бітетін сөздердің (ант тәрізді) аздығын, Котвич осы құбылыстан босануға тырысуынан деп қарайды. Оның айтуынша, сөз соңында бір кезде қатар айтылған екі дауыссыздың ортасына дауысты дыбыс қойып, бөлін айту тенденциясы етек алған түбірлердің саны едәуір азаюға деп есептейтін ғалымдар Котвич келтірген фактілердің біразын түбірмен қосымшадан құралған негіздеп есептейді.

Түркі – монғол тілдеріндегі сөздің буны туралы айтылған, ескерілуге тиіс пікірдің бірі – белгілі монголист Владимировтың пікірі. Ол – түркі – монғол паралледерін салыстыра келіп, тарихи тұрғыдан ескісі және негіз тілге жақыны дауысты дыбысбен аяқталатынын ашық буынға монғолдық варианттар болып келеді, — дейді. Осы пікірді белгілі дәрежеде А.К. Дмитреевте қайталады. Бұл пікір осыдан бұрын айтылған пайымдауға қарама – қарсы екені мәлім. Жоғарыдағы көзқарасты қазіргі түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздерді ескеріп отырған жоқ. Еліктеуіш сөдер шығу, қалыптасу тұрғысынан мұнандй тарихи болжамдарға тиек бола алмайды. Еліктеуіш сөздердің жасалуында артикуляциялық дыыбыстау органдарының күшті жұмыс істеуінен көмескі дыбыстылар түсіп, сөз екі дауыссыз дыбысқа аяқтала береді. Бірақ бұл құбылыстан тарихи өзгеріс байқалмайды.

Сонымен, фонетикалық сипаты қандай болса да аяқ, ауызщ тәрізді сөздер бұрынғы көне тілде осы құрамында кездеседі. Кейбір дыбыстық өзгерістерді ескермесек, буын санының я азайып, я көбейіп кеткендігін көреміз. Сөйтіп, екі буынды сөздерден бастап түркі сөздерінің көпшілігі-ақ тарихи тұрғыдан көбінесе туынды түбірлер болыып келеді. Сарқыншақ, тұндырма, кимешек т.б. сөздер қазақтың өз топырағында пайда болғандығы және байырғылығы ешбір дау туғызбайды. Енді осы сөздерді үйірлес түбірлі салыстырып көрейік: сарқыншақ, сарқы, сарқыт, тұн, тұндыр, тұнық, киім, км (е) шек.

Сөйтіп, ұялас түбірлерді салыстырғанда осы сөздердің барлығы да о баста бірі я екі буынды сөздер екенін байқауға болады. –шақ, -шек бір кезде есімдер құрамында кішірейткіш мәнді туғызудың өнімді тәсілі болған. Ал ким (е) шек сөзінің құрамындағы –е- екі дауыссыздың арасындағы жалғастырушы дауысты ма, әлде монғол тіліндегі ұзарпалы дыбыс па – ол жағын алып айту қиын.

Қазіргі қазақ әдеби тілінде көп буынды сөздердің иол қолданылуын екі түрлі жағдаймен түсіндіруге болады:

  1. Түркі тілдері аглюнативтік жүйеге жатады. (Аглюнитация – склеивание, яғни жалғамалы деген сөз). Осы жүйеге сай о бастағы бір буынды, екі буынды сөздер жұрнақтар арқылы, кейде жалғаулар арқылы күрделі құрамды болып қалыптаса береді.
  2. Шеттен енген сөздердің көпшілігі үш – төрт және одан да көп буынды болып келеді: телефон, динамика, пролетариат т.б.
  3. қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығына байлаеысты дауыссыздар тіркесінен басталатын не аяқталатын сөздердің құрамы о баста бр, екі буынды болуынан қарамай, айтылуда көп буынды болып шығады.