Уақыттың бір күні тоқтауы мүмкін бе? Қара құрдым уақытты қалай кідіртеді? Жарықтың ойыны деген не? Бүгінгі материалда осы және өзге де қызықты мәліметтер жайлы айтамыз.
1. Жарық жылдамдығында уақыт тоқтап қалады
Жарық жылдамдығы 300 000 000 м/с тең. Бұл - өз алдына адамды қайран қалдыратын факт. Ғалымдар осыған дейін уақыттың тоқтауы мүмкін екенін мәлімдеген. Физикада «уақыттың тоқтауы» деген теория да бар. Сіз тез қозғалсаңыз, қоршаған ортамен салыстырғанда уақыт баяу өтетін тәрізді. Мысалы, машинада жоғары жылдамдықпен бір сағат жүрсеңіз, үйде компьютер алдында бір сағат отырғаннан қарағанда баяуырақ қартаясыз. Әрине, қосымша наносекундтардың сіздің өміріңізге әсер етуі шамалы болуы мүмкін. Алайда бұл - факт.
Сонда жарық жылдамдығымен қозғалғанда уақыт бір орнында тоқтап қала ма? Иә. Бірақ жарық болып жаралмағандықтан, оның жылдамдығын игеру мүмкін емес.
2. Гравитация жарыққа әсер етеді
Бұл - бірнеше рет дәлелденген теория. Жарықтың ешқандай массасы болмаса да, оның жүру жолы өзге массасы бар заттарға тәуелді. Әсер етуші зат ретінде Күнді айтсақ болады. Егер де жарық алыстағы жұлдыздан шығып, басқа жұлдызға жақын қашықтықтан өтсе, ол оны басып озады. Бұның біздің әңгімемізге қандай қатысы бар? Қарапайым ғана: біз көретін жұлдыздар мүлде басқа орында болуы ғажап емес. Келесіде жұлдыздарға қарағанда, бұның «жарықтың ойыны» болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
3. Біздің ғалам кеңейіп жатыр
Түсіну қиын болмас үшін, алдымен Үлкен Жарылыс теориясына тоқталайық. Бұл теория бойынша біздің ғалам осы жарылыстың нәтижесінде пайда болған. Жарылыстың қалдықтары (ғаламшарлар, жұлдыздар, және т.б.) жан-жаққа таралған. Олар әжептәуір ауыр болғандықтан, ғалымдар қалдықтардың таралу процесі бірте-бірте баяулайды деп күткен болатын. Алайда болжамдағыдай болмады.
Уақыт өткен сайын ғалам жылдамдырақ кеңейіп келеді. Зат қаншалықты көлемді болса, ол уақытты соншалықты көп кідіртеді. Қара құрдым күшінің қуаттылығы сонша - уақыт жүрісін мүлдем тоқтатады. Егер қара құрдымның не екенін білсеңіз, ғаламның кеңеюі жайлы түсінігіңіз артар еді.
Астрономдар ғаламды зерттеп бастағалы бір сәтке болсын оның құпияларын ойлауды тоқтатқан емес. Егер Сіздің де физиканың қыр-сырын меңгергіңіз келсе, Bilimland.kz порталының «Физика» курсымен танысып көріңіз. Сондай-ақ порталдағы «Физика және Астрономия» видеотоптамасынан түрлі тақырыптағы 5 минуттық видеоматериалдарды тамашалауды ұсынамыз. Материалдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жасалған. Cондай-ақ «Виртуалды зерхана» курсымен де танысып көруге кеңес береміз. Бұл бөлімде тек физика ғана емес, химия, биология, математика және география пәндері бойынша да заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы ұсынылған.