Мидың жұмысын қалай жақсартуға болады?

Ми

Мидың гимнастикасымен айналысу қажет. Бұл сіздің ойлау қабі­летіңізді арттырып, мидың жақсы жұмысына көп пайдасын тигізеді. Жас ұлғайған сайын есте сақтау қабілетінің төмендейтіні анық. Ал үнемі миға гимнастика жасалып тұрса, ширақ қозғалып, тез шешім қабылдау мүмкіндігі сізден ешқашан алыстамайды.

 

1. Гимнастиканың түрі өте көп, тек ең бастысы – сіз бұл тәсілдерді біртіндеп орын­даңыз.

ми* Жұмбақтар, басқатырғыштарды тауып, сөзжұмбақ шешіңіз.
* Бір қарағанда байланысы жоқтай көрінетін дүниелердің өзара байланысын табыңыз.
* Біраз уақытқа бір немесе бірнеше сезімдеріңізді тежеңіз. * Көзіңізді байлап қойып тамақ ішіңіз, қалыпты жұмыс уақытында құлағыңызды тығындаңыз, көзіңізді жұмып шомылыңыз.
* Кәдімгі заттарды тағы қалай қолдануға болатынын ойлап табыңыз. Мысалы, қарапайым шегені қолдану тәсілдерінің неше түрін ойдан шығара аласыз?
* Ең нақты деген болжамдарыңыз­дың өзін теріске шығарыңыз.
* Істің қисынын табуды үйреніңіз. Логикалық есептер шығарыңыз.

2. Басқа адам сіздің орныңызда болса, бұл мәселені қалай шешер еді? Ойланып көріңіз.

Шахмат* Шахмат, тағы сол сияқты үстел ойындарын ойнаңыз.
* Арифметикалық есептерді ойша шығарыңыз.
* Сурет салыңыз. Не болса соны. Ол үшін суретші болу қажет емес. Айналаңызға қараңыз да, көргеніңізді қағаз бетіне түсіріңіз.
* Спортпен шұғылданып, сымбат­тылы­ғыңызды сақтаңыз. Тәннің саулығы аса маңызды.
* Таза су ішіп, терең дем алыңыз – оттегіге қаныққан қан ми жұмысын жақсартады.
* Байқағыштығыңызды жетілді­ріңіз. Мысалы, күнімен тек қызыл түсті машиналарды немесе бір маркалы машиналарды көптің арасынан аңғарып отырыңыз.
* Күнделік ашып, өз өміріңіз туралы жазып жүріңіз. Уақыт тауып, оқып отыруды да ұмытпағайсыз.

3. Адамның мүмкіндіктері шексіз және өз миыңызды жетілдіру ешқашан кеш емес!

Есеп* Адамдардың есімдерін есте сақтап, оларды өз аттарымен атаңыз. *Сирек кездесетін адамдардың тізімін жазып, оларды қайталап оқып, еске түсіріп тұрыңыз.
* Үйренген істі жасаудың жылдамдығын өзгертіңіз. Бір нәрсені өте жылдам немесе баяу жасап көріңіз.
* Өзіңізді басқа адамның орнына қойыңыз, мұндай жағдайды сіз оның орнында болсаңыз, қалай шешер едіңіз?
* Бір жаңа нәрсені үйреніп отыруды өзіңізге әдетке айналдырған дұрыс: тағамның жаңа рецепті, бауды байлаудың жаңа тәсілі, шарбақты бояудың жаңа жолы, т.б.
* Тура сіз сияқты ойлайтындарды айналаңызға жинамаңыз. Сізбен келіспейтін адамдардың ойын тыңдап, олармен сөз таластырғанда қарсы айтар жауабыңызды ойлап табыңыз.
* Тауып айтылған сөздерді жазып отырыңыз, есте сақтауға тырысыңыз.
* Өз өміріңізде орын алған бір жағдайды бүге-шүгесіне дейін айтып көріңізші. Бір нәрсені жасаудың жолын толықтай жазып шығыңыз.
* Шет тілді үйреніңіз.
* Компьютерді бағдарлама­лауды үйреніңіз.