Өмірде көбейту кестесі тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту кестесі» — химиялық элементтердің периодты жүйесі. Оны 1869 жылы Дмитрий Иванович Менделеев жасап шыққан болатын.
1. Менделеев карта ойындарын жақсы көрген
Бір қызығы, ғалымның периодты жүйені құруға қызығушылығын оятқан оның сүйікті ісі - ойын картасын ерекше ережемен тарату әдісі болған екен. Менделеев ойын карталарының үстіне әртүрлі элеметтердің атом салмағын көрсетіп сызған. Кейін солармен ойнаған екен. Осылайша құрылымы ұқсас элементтерді бір түсті карталарға біріктірген. Уақыт өте келе бұл "карталар" олардың атомдық салмағына сәйкес бағандарға ұласқан.
2. Кей атомдар бір-бірін "ұнатуы" мүмкін
Егер қазіргі периодтық жүйені алып, бағандарды қақ ортасынан екіге бөліп, 4 элементтен теңдей топтастырса, олар бір-бірін "ұнатып қалады" екен. Химия тілімен айтсақ, бір-бірімен әрекеттеседі. Топтасқан элементтер көп жағдайда бір-бірін толықтырушы, сәйкес құрылымдарға ие болады. Нәтижесінде олардың арасында реакция жүруі ықтимал.
3. Менделеев ашылмаған элементтерді дәл болжаған
Менделеев сол кезде болашақта ашылуы мүмкін элементтерге арнайы бос тұрған ұяшықтар қалдырып кеткен. Ол тіпті келесі үш элементтің қандай болатындығын аса үлкен болжампаздығымен сипаттаған. Олар галлий, скандий және германий элементтері еді. Периодтық заң ашылған кезде белгісіз бекзат газдар да қасиеттеріне қарай галогендермен сілтілік металдар арасынан орын алды.
Ғалым өзінің бір сөзінде: "Периодтық заңдылықтың болашағы бұзылуды емес, толығып, дами түсуді күтеді" дейді. Егер осы ғылымды жетік игергіңіз келсе, bilimland.kz сайтының химия курсын оқып шығуға кеңес береміз. Мұнда сіз анимациялар, видеолар, интерактивті жаттығулар арқылы пәнді қызықты жолмен үйрене аласыз.