Huawei nova 8i: жақтаусыз экран көңілді қалай жаулап алады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осы айдың он екісінде Huawei компаниясы Қазақстанда HUAWEI nova 8i смартфонын сатылымға шығарды. Брендтің айтуынша, бұл гаджетте «қолданушыға қолайлы болуы үшін интеллектуал функциялар топтастырылған» екен.

Компанияның өзі 5 желтоқсанға дейін телефонды 189 990 теңгеден, 179 990 теңгеге дейін түсіріп, қазақстандықтарға акциямен ұсынып отыр.

Шолу жасауға арналған аппарат қолымызға тиісімен, оның шынымен-ақ қаншалық қолайлы екенін тексеріп, білмекке асықтық.

Ә дегенде бірден айта кетейік, алда келе жатқан қаз-қатар мереке күндері өзіңізге немесе жақын адамыңызға жақсы сыйлық іздесеңіз, nova 8i-ды әбден қарастырып көруге болады. Бағасы 180 мың теңгеге жетеғабыл смартфон бүгінгінің адамына керек қажеттің бәріне жарап тұр.

Толығырақ әңгімелеп берсек…

1. Негізгі сипаттамасы

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көлемі 161.9 х 74.7 х 8.6 мм
Экраны Жиексіз HUAWEI Edgeless Display, экранның 94,7%-ын алып жатыр.
Дисплейі 6,67 дюйм, 1080×2376, DCI-P3 түс палитрасын қолдайды
Жады 128 Гб
Оператив жады 6 Гб
Камерасы Төрт негізгі камера:

64 MP, f/1.9, 26mm, PDAF
8 MP, f/2.4, 120˚, 17mm
2 MP, f/2.4, (макрокамера)
2 MP, f/2.4

Фронтал камера: 16 MP, f/2.0,

Видео: 1080p@30fps

Аккумулятор 4300 мАс, Li-Po, 66 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау технологиясын қолдануға болады
Операциялық жүйе Android 10, EMUI 11
Чипсет, процессор Qualcomm Snapdragon 662, сегіз ядролы
Байланыс Екі SIM-карта (Nano-SIM), GSM/HSPA/LTE, Wi-Fi, Bluetooth, Саусақ таңбасы сканері, 3,5 мм mini-jack
Салмағы 190 гр.
Түсі Айлы күміс (Лунное серебро/Moonlight Silver) және Жұлдызды түн (Звёздное небо, Interstellar Blue)
Аккумулятор 4300 мАс, Li-Po, 66 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау технологиясын қолдануға болады
Сатылымға шыққан күні 12 қараша 2021
Ұсынылған баға 189 990 тг.

2. Экраны, дисплейі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

HUAWEI nova 8i экранының жиегін жақтаусыз деп атауға болады. Себебі дисплей телефон бетінің 94,7%-ін алып жатыр. Жақтаудың бүйірдегі қалыңдығы бар болғаны 1,3 мм, ал жоғары бөлігінде - 1,35 мм. Бұл - смартфонның басты ерекшеліктерінің бірі. Қолға алғанда шынымен әсерленесің, ә дегенде тіпті таңғалып қаласың. 

1080×2376 пикселді, диагоналі 6,67 дюйм болатын экран DCI-P3 түс палитрасын қолайды, осының арқасында телефондағы сурет тұнық және анық көрінеді. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сондай-ақ көзді қорғауға арналған Eye Comfort функциясын бөліп-жарып атай кетуге болады. Бұл технология экраны жарығындағы көгілдір сәуле деңгейін азайтады және сары түсті барынша табиғи түрде жеткізеді. 

Сенсор панелінің дискреттеу жиілігі - 180 Грц. Яғни саусақ тигізгенде смартфон жылдам реакция білдіреді. Бұл ойын ойнасаңыз да, жәй ғана серфинг жасасаңыз да өте қолайлы.

3. Камерасы

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Смартфонның негізгі төрт камерасы бар. Екеуі негізгі фокус қашықтығына жауап береді, біреуі макро түсіруге көмектеседі, енді бірі тереңдетіп, анық түсіруге арналған.

Диагоналі 1/1,7 дюйм болатын ірі форматты сенсор мен 64 МП негізгі камераға тәуліктің кез келген уақытында анық, қанық фотосуреттер түсіруге мүмкіндік береді. Ал 120° бұрышы бар кеңформатты арнайы камерамен жалпы көріністі ала аласыз: достармен топ болып түссеңіз де, табиғатты алсаңыз да, детальдар анық көрінеді әрі алғыңыз келген дүниенің бәрі фотоға сыйып кетеді. 

Макрокамера 4 сантиметр қашықтан майда, кішкентай дүниелерді дәл түсіріп алуға көмектеседі. Мұның арқасында шынымен айрықша кадрлар алуға болады. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Super Night Shot 2.0 атты түнде түсіруге арналған арнайы режим бар екенін айта кету керек. Қараңғы жерге камера көздесеңіз, суреттің сапалы шығуына осы технология жауап береді. 

Фронтал камера 16 МП. Жарықтың түс температурасын анықтайтын сенсоры және бар. Осының арқасында селфи әдемі шығады. 

Камера туралы сөз қозғағанда, HUAWEI nova 8i жасанды сана пайдаланатынын айтпай кету мүмкін емес. Ол суретті жақсартуда инновациялық алгоритмді пайдаланады, яғни фотодағы бейненің тұнықтығы, қанықтығы дұрыс, ал өзі көркем, келісті болып шығуына кепілдік береді. Сондай-ақ бұл технологияның тым "артық" кетпейді, яғни суреттер барынша шынайы шығады, мәселен, контраст тым қоюланып немесе сұйылып кетпейді. 

4. Батарея және қуаттау

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

HUAWEI nova 8i аккумуляторы 4300 мАс. Ең кереметі, 66 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау технологиясын қолдайды. Осының арқасында батареяның 68%-ын бар болғаны 20 минутта толтыруға болады. Толық қуаттаймын десеңіз 38 минут жеткілікті. 

Бұл не білдіреді? Youtube-тен ролик қарап отырсаңыз да, ойын ойнап жатсаңыз да, аз ғана үзіліс алып, аккумуляторды жылдам толтырып, сүйікті ісіңізді ары қарай жалғастыра бере аласыз.

Сондай-ақ энергия сақтауға арналған интеллектуал алгоритмдермен қамтамасыз етілген. Олар мобильді қолданбалардың қуат жұмсауын басқарып, қадағалап отырады. Яғни смартфонды барынша ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

5. Сырт көрінісі, эргономика

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

HUAWEI nova 8i Қазақстанда екі түсте сатылымға шықты: Айлы күміс (Лунное серебро/Moonlight Silver) және Жұлдызды түн (Звёздное небо, Interstellar Blue). Біз тестілеуге "Жұлдызды түнді" қолдандық. 

Төрт модульден тұратын негізгі камера корпустың ортасында дөңгелек блок түрінде орналасқан. Төменірек бір бүйірде Huawei логотипі бар. Жалпы, сырт көрінісі ұнамды, тартымды.

Артқы панельдің қыры доғалданып біткен, яғни қолға ұстауға ыңғайлы. Салмағы - 190 грамм. Күн сәулесінде жылтылдап, көздің жауын алатын корпусты сақтаймын десеңіз, мөлдір қорғаныс қабын пайдалана аласыз, ол комплектіде бірге беріледі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Оң жақ бүйірінде батырмалар бар. Қосу батырмасы саусақ сканерінің де міндетін атқарады. USB Type-C порты мен монофон динамик астыңғы, ал сөйлесу динамигі мен 3,5 мм мини-джек үстіңгі бөлігінде орналасқан.

Эргономикасын оң деген баға беруге болады. Көзге де тартымды, қолға ұстағанға да қолайлы.

6. Ішкі құрылымы

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Смартфон 128 Гб негізгі жадымен және 6 Гб оператив жадымен жабдықталған. Бұл көптеп фотосурет, видео сақтауға да, бірнеше операцияны қатар атқаруға да мүмкіндік береді.

Qualcomm Snapdragon 662 платформасында жұмыс істейді.

Гаджеттің қатты қызбайтынын ерекшелеп айта кету керек. Бұған біздің тәжірибе де, түрлі шолулардағы троттлингке жасалған сынақтар да дәлел. Ауыр бағдарламаларды қолдануға әбден болады.

nova 8i уақыт тексерісінен өткен Android 10 базасындағы EMUI 11 бойынша жұмыс істейді. Қолайлы, дұрыс ойластырылған, жылдам.

Google сервистерін Huawei-дің өз қосымшасы AppGallery арқылы жүктеп алуға болады.

Екі nano-SIM орнату мүмкіндігі бар. LTE-модем деректі тез алмасады, "қатып қалмайды". Осы күнге керек барлық диапазонда байланысқа шығуға мүмкіндік береді.

7. Қорытынды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

HUAWEI nova 8i смартфонының көзге бірден түсер артықшылықтары жетерлік. Эргономикасы сәтті шыққан, дизайны ұнамды. Жақтаусыз экраны бірден баурап алады. Жылдам қуаттау технологиясы "батареям отырып қалады-ау" деген уайымнан арылтады. 

Дисплейі дұрыс ойластырылған. Камерасы анық түсіреді, ал түрлі интеллектуал алгоритмдері фотоның көңілден шығуына да, аккумулятордың ұзаққа жетуіне де көмектеседі.

Осы айтылғанның бәрін ескере келе, бүгінгі бас кейіпкеріміздің өз баға сегментінде көшбасшылар бірі екенін атауға болады. HUAWEI nova 8i кез келген дерлік адамның қажет-қалауын қанағаттандыра алады, сондықтан 180 мың теңгеге дейін телефон іздеп жүрсеңіз, бұл смартфонды қарастырып көруге кеңес береміз. Оның үстіне 5 желтоқсанға дейін арзандатылып, акциямен сатылып жатыр.