Әуежайға қанша уақыт бұрын келген дұрыс? Авиакомпания қандай жағдайларда жолаушыға қызмет көрсетуден бас тартады? Жүкті әйелдердің ұшуына қатысты қандай талаптар бар? Назарларыңызға ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің жолаушыларға арналған бірнеше кеңесін ұсынамыз.
1. Әуежайға қанша уақыт бұрын келген дұрыс?
Билетті тіркеу орнына тіркеудің аяқталу уақытынан кешікпей келу қажет.
Халықаралық рейске тіркеу ұшақтың ұшып шығуына кемінде екі сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
Қазақстан бойынша тіркеу әуе ұшақтың ұшып шығуына кемінде бір сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
2. Ұшаққа билетті қандай құжаттар арқылы сатып алуға болады?
Билетті тіркеу орнына тіркеу аяқталатын уақыттан кешікпей келу қажет.
Халықаралық рейске тіркеу ұшақтың ұшып шығуына кемінде екі сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
Қазақстан бойынша тіркеу әуе ұшақтың ұшып шығуына кемінде бір сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
Жолаушы билет пен жүкті рәсімдеу және тіркеуден өту уақытында жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы тиіс:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
- Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына арналған ықтиярхат;
- Азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
- Босқын куәлігі;
- Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
- Шетелдік паспорт;
- Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін)
- Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін ғана)
3. Шетелге шығуыңызға тыйым салынғанын қалай білуге болады?
Шетелге баруды жоспарлағанда алдын ала барлық берешекті төлеп, құжаттардағы нұсқамаларды орындаған дұрыс (ең аз дегенде 10-15 күн бұрын).
Әділет министрлігінің ресми сайтына кіріп, шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлер тізімінен өзіңіздің бар-жоғыңызды тексеруіңізге болады.
Өзіңізді борышкерлер тізімінен анықтаған жағдайда айыппұл, баж салығын, алимент, коммуналдық қызметтер және басқа да берешектерді төлеп, одан кейін сот орындаушысына төлемді растайтын (түбіртек) құжатты ұсыну қажет.
4. Жүкті әйелдерге қандай жағдайда ұшуға болады?
Әйелдер жүктіліктің 32-34 аптаға дейінгі мерзімінде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық болса, ұшуға рұқсат беріледі. Жүктілік мерзімі мен денсаулығы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуы тиіс.
Жүктілік мерзімі 32-34 аптадан асатын әйелдерден 035-1/у (ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте рәсімделмеген) нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы талап етіледі.
Медициналық қорытындыда жүктілік мерзімі көрсетілуі керек және жүктілік ешқандай асқынуларсыз өтіп жатқанын растауы тиіс.
Егер босану мерзімі алдағы 7 күнде болса, әуежай қызметкерлері жүкті әйелдерді тасымалдаудан бас тартады.
Жаңа босанған әйелді және алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде жаңа туған нәрестені тасымалдау рұқсат етілмейді.
5. Балалар қалай саяхаттайды?
Ішкі және халықаралық рейстерде жолаушы екі жасқа дейінгі баланы оған жеке орын ұсынылмай (тегін) тасымалдауға құқылы.
Егер екі жасқа дейінгі балаға жеке орын талап етілсе, онда мұндай бала тарифтен 50% мөлшерде жеңілдікпен тасымалданады.
Әрбір баланы тасымалдау үшін тиісті тарифтің 50%-ы халықаралық рейсте 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларға төленеді.
Ерiп жүретiн адамдары жоқ, 6-дан 16 жасқа дейінгі балалар кәмелетке толмаған жолаушылар ретiнде тасымалданады.
Еріп жүретін адамы жоқ балаларды тасымалдау үшін ата-анасының (қамқоршыларының) жазбаша өтініші болуы қажет.
Ерiп жүретiн адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі уақытта тасымалдануға қабылданбайды.
6 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана тасымалданады.
Егер кәмелетке толмаған азамат Қазақстаннан еріп жүретiн адамсыз шығатын болса, оған паспорт, шығу мерзiмi және азаматтың шығуына ата-анасының, қамқоршыларының нотариуспен рәсiмделген келiсiмі қажет.
6. Жолаушы қандай салмақтағы жүкті алып жүре алады?
Әуе компаниясының коммерциялық шарт талаптарына қарай багажды тегін тасымалдау нормаларын ұлғайтуға және басқа да жеңілдіктерді қарастыруға құқығы бар.
Алайда әрбір жүктің массасы 32 келі және үш өлшем бойынша 158 сантиметрден аспауы тиіс.
7. Әуе компаниясы қандай жағдайларда жолаушыға қызмет көрсетуден бас тартады?
- Жолаушы ұшудың алдында тексерістен өтуден бас тартқан жағдайда;
- Жолаушы тасымалдау қағидаларын бұзған және ұшақтың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекет жасаған жағдайда;
- Жолаушы алкоголь, есiрткі қолданып, мас күйде болса және өзiнiң денсаулығына немесе борттағы адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, оларға қолайсыз жағдай туғызатын жағдайда;
- Ұшақ командирінің және басқа да экипаж мүшелерінің талаптарын орындамаған жағдайда;
-
Қол жүгі мен жеке заттарын арнайы орындарға орналастырмаған жағдайда;
-
Ұшақ командирінің үкімі бойынша немесе көрсетілген іс-әрекеттерді орындауға міндеттейтін ақпараттық табло қосылғанда жолаушы арнайы белдіктерді тақпағанда;
-
Ұшу кезінде ұшақ бортында тәртіп сақтамаған жағдайда әуе компаниясы жолаушынының ұшуына тыйым салады.
8. Пайдаланылмаған әуе билеті сомасын қалай қайтару керек?
Жолаушы пайдаланылмаған авиабилет сомасын қайтару үшін авиакомпанияға жазбаша өтінішпен жүгінеді. Өтініште жолаушының ұшудан бас тарту себептері көрсетілуі қажет.
Жолаушы ұшудан мәжбүрлі немесе ерікті түрде бас тартқан кезде соманы қайтару тарифті қолдану шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Сома билетте көрсетілген адамға немесе билетті сатып алған адамға өтініш ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде қайтарылады.
Бұл ретте әуе компаниясының қандай жағдай болмасын билет құнының 30%-ын ұстап қалуға құқығы жоқ.
Пайдаланылмаған авиабилет сомасын қайтару бойынша туындаған даулар азаматтық-құқықтық тәртіппен шешіледі.
9. Рейс орындалмаған немесе кідірген жағдайда жолаушының қандай құқықтары бар?
Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмағанда немесе кідіргенде, тасымалдау маршруты өзгергенде авиакомпания жолаушылар үшін жөнелту және аралық пункттерде мынадай қызметтер көрсетеді:
1. Жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
2. Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
3. Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусынмен қамтамасыз ету;
4. Рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса күткенде күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын, түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
5. Рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде қонақ үйге орналастыру;
6. Қонақүйдің қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай көлікпен жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастырады;
7. Тасымалдаушының кiнәсінен рейс кейінге қалдырылған немесе 10 сағаттан астам мерзiмге кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсете отырып жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктке дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді не жолаушыға билеттiң толық құнын қайтарады.
10. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қалай қызмет көрсетіледі?
Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға уәкілетті агент мына тәртіп бойынша қызмет көрсетеді:
1. Жетектеуші итімен жүретін зағип жандарды тіркеу;
2. Қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау кезінде авиакомпанияның өкілі тіркеуден кейін оларды ұшаққа шығарып салады және тікелей экипажға тапсырады;
3. Шекаралық, кедендік бақылаудан және басқа рәсімдерден өтуге көмектеседі;
4. Ұшаққа отырғызуды жолаушылардың негізгі бөлігін отырғызбастан бұрын ал түсіруді соңғы кезекте жүргізеді;
5. Арбаны пайдаланатын адамдарға авиакомпанияның өкілі ұшақ салонында тасымалдауға арналған креслоны ұсынады.
11. Жүк зақымдалған немесе межелі пунктке келмеген жағдайда не істеу қажет?
Жүгіңіз жоғалған, кешіккен, зақымдалған жағдайда әуе компаниясының уәкілетті агентіне жүгіну қажет. Жүктің жоғалғаны туралы актіні әзірлеу үшін компания тез арада жолаушының құжаты бойынша іске кіріседі. Онда жолаушының номері, ұшу күні, маршруты, багаж номері және оның сипаттамасы көрсетіледі.
Егер жолаушы межелi пунктiне келгеннен кейiн өзiнiң тiркелген жүгін алмаса және ол туралы мәлiмдесе, авиакомпания жүкті iздестiру шараларын қабылдайды.
Жүкті жеткiзуде әуе компаниясы жолаушыға мерзімі өткен әрбір тәулік үшін әуе билеті құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.