Мектепте ДНҚ-ның деректер қоры екенін оқыдық. Онда ғаламшарымыздағы барлық тіршілік иесі жайында ақпарат сақтаулы тұр. Ал Сіз өзіңіздің ДНҚ-ңыз туралы не білесіз? Назарларыңызға қызық мәлімет ұсынамыз.
1. Әлемдегі барлық адамның ДНҚ-сының 99,9%-ы сәйкес
Бұл – нәсілді кемсітуге қарсы жауап. Әр адамның ДНҚ-сының тек 0,1%-ы оны басқалардан өзгешелендіреді және адам туралы барлық ақпарат осы бөлікте сақталады. Кейде 0,1%-дың өзі ғаламат даралықты аңғартады екен. Мысалы, кей балалар ата-анасына емес, бірнеше ондаған немесе жүздеген жыл бұрын өмір сүрген ата-әжесіне ұқсап кетеді.
2. ДНҚ өте ұзын
Егер дененің барлық жасушасындағы ДНҚ молекуласын ұзыннан созатын болсаңыз, 80 миллиард шақырымға дейін баратын тізбек шығады. Бұл дегеніміз – Күн мен Плутонның арасын 13 мәрте немесе Күн мен Жердің арасын 533 рет ұшып өтумен тең.
3. ДНҚ – ең көлемді дерекқор
ДНҚ – адамзатқа белгілі ең үздік тасымалдаушы. Адамның бір жасушасындағы ДНҚ шамамен 1.5 гигабайт ақпаратты сақтайды. Бұл айтарлықтай көп сияқты көрінбеуі мүмкін. Алайда денеңіздегі жасуша саны 40 триллион екенін ескерсеңіз, бойыңызда 60 миллиард терабайт ақпарат тұнып тұр. Ең қызығы, мұншама ақпарат бар болғаны 150-160 грамм ДНҚ-да сақтаулы. Сонымен қатар ДНҚ-да 200 ген туралы ақпарат бар.
Адам денесі небір құпия мен ғажайыпқа толы. Егер осы тәрізді қызық ақпаратты білгіңіз келсе, Bilimland.kz сайтындағы "Виртуалды зертхана" курсының "Биология" бөлімін қарап көріңіз. Мұнда күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілмен түсіндіріледі. Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы мектепте физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызық өткізуге көмектеседі. BilimLand симуляторларының есептеулері нақты. "Виртуалды зертхана" визуал ойлауды дамытатын қосымша құрал бола алады. Бұл топтама – Америка ғалымдары мен инженерлерінің еңбегінің жемісі.
Айта кетейік, Bilimland.kz сайтында мектеп оқушылары үш тілде де барлық пән бойынша білімін жетілдіре алады.