Абылай хан: Тарихи тұлғаның беймәлім тұстары

Абылай хан

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Қазақтың алғашқы географы Шоқан мен соңғы ханы Кенесарының атасы.

1. Қазақ жеріне алғаш оралмандар легін әкелуші

ОралманАбылай хан - қазақ жеріне алғаш оралмандар легін әкелуші. Қалмақ-жоңғар қырғынынан босып кеткен халықты Хиуа, Қоқан хандықтарынан қайтаруға барын салған тұлға.

2. 18 күйдің авторы

Абылай хан - белгілі 18 күйдің авторы, ал белгісізі қаншама... «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды жорық» сынды күйлерді өмірге әкелген күйші. Ол «Жетім торы» күйін иесінен (Батыр Баян) айырылған тұлпарға «Сен иеңнен айырылып жетім қалсаң, мен батырымнан айырылып жетім қалдым» деген сөздерді айта отырып шығарған еді.

3. Білікті архитектор

Архитектор

Абылай хан - білікті архитектор. Көшпелілердің өміріне арнап, әскерге тиімді, шынайы өмірде қолайлы ерекше үй түрін ойлап тапқан кемеңгер. Оның ерекше үйі қазақта ғана бар және ол «Абылайша» деп аталады.

4. Теңдессіз әскери стратег

Соғыс

Абылай хан - теңдессіз әскери стратег. Оның ойлап тапқан «сүйрік найза» әдісі 1756 жылы Цинь әскерін тас-талқан еткен еді. Сонымен қатар, ол - ақын әрі ойшыл. Оның қазақ өміріне арнап айтқан сөздері шаң басқан мұрағаттарда зерттелуін күтіп жатыр.Абылай хан - керемет дипломат. Қытаймен де, орыспен де тіл табыса білген жан. Сол қасиетінің арқасында үш жүздің басын қосты.

5. Аграном

Аграном

Абылай хан- аграном. Қазақтың қай аймағына қандай дақыл түрін егуді айтып отырған және қазақтың отырықшы болуын армандаған еді. Сонымен қатар, ол - болашақты болжаушы. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деп қазақ болашағы үшін ой толғайды.

6. Абылай хан шоқтығы биік тұлға

у

Абылай хан - 70 жасында дүние салған еді. Алайда оны Ресей патшалығы шапанын улап өлтірді деген күдік бар және ол күдік бірқатар ғалымдармен дәлелденді.

Не десек те, Абылай хан - мен үшін қашанда шоқтығы биік тұлға, тіпті Эверест оның жанында мен үшін жай ғана жота! Абылайдай ханын асқақтатып мақтау әр қазақтың парызы.

Асхат Қасенғали