Домой Теги тұз

тұз

Бұл беттен сіз "тұз" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: пицца (2), қызанақ (4), ұн (3)

Үй жағдайында пицца дайындау

IMG_6354 (Large) Пиццаның қамырын дайындау үшін:
  • Ұн - 1 стақан (200 мл)
  • Ашықты - 2 шәй қасық
  • Су - 10 ас қасық
  • Тұз - 0,5 шәй қасық
  • Сұйық май - 0,5 ас қасық
Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз. 20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.
Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.
Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз. IMG_6309 (Large) IMG_6313 (Large) Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз. IMG_6318 (Large) IMG_6326 (Large) IMG_6332 (Large) Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз. IMG_6335 (Large) IMG_6353 (Large)Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын ^_^ Дайындаған: RakishevaA

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР