15 қараша — Ұлттық валюта күні. Теңге туралы қаншалық жақсы білесіз? Тест шешіп көріңіз.
Қазақстан банкнот фабрикасы ресми түрде қашан ашылды?
1995 жылғы 19 мамырда Банкнот фабрикасы ресми түрде ашылды. Сол жылы 83 миллионнан астам банкнот шығарылды. Одан кейінгі жылы 104 миллионнан астам банкнот шығарылып, Банкнот фабрикасының өндірістік қуаты жобалаған межеге жақындады.
Теңге қай жылы айналымға енді?
1993 жылғы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн – Ұлттық валюта – теңге күні.
Алғашқы теңгенің дизайнын жасамаған адам кім?
Алғашқы теңгенің дизайнына танымал суретшілер мен дизайнерлер Тимур Сүлейменов, Алин Меңдібай, Ағымсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов және Хайрулла Ғабжалилов жауапты болды.
Қазақстан монета сарайы қашан және қай қалада ашылды?
1992 жылы Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында Қазақстан монета сарайы ашылды. 1993 жылы айналымға шыққан алғашқы монеталар осы жерден шықты.
Цифрлық теңге алғаш рет қай жылы сынақтан өтті және ене бастады?
Цифрлық теңге – ақшаның үшінші формасы. Ол қолма-қол және қолма-қол емес ақшаларды алмастырмайды, оларды толықтыра түседі. 2021 жылы цифрлық теңге тұжырымдамасын технологиялық тұрғыда іске асыруға болатыны расталды. Ал 2023 жылы Қазақстанда орталық банктің цифрлық валютасындағы алғашқы банк картасы шықты.
Алғашқы банкноталардың бас ерекшелігі не еді?
Алғашқы банкноталарды бейнелі түрде «Портреттер» деп атауға болады. Оның дизайнына тән ерекшелік – ғылым, өнер, мәдениет және мемлекетті қалыптастыруға зор үлес қосқан әйгілі тұлғалардың бейнеленуі. Артқы бетінде табиғи ландшафтар мен мәдени ескерткіштер бейнеленді.
2022 жылғы үлгідегі 20 000 теңгелік банкнотта қанша қорғаныс элементі бар?
Теңге банкноттарындағы қорғаныс элементтері қатарында банкноттар мен басқа да қорғалған полиграфиялық өнімдерді әзірлеу үшін қолданылатын қорғалған қағаз, бояулар, қорғаныс деңгейлері бар голографиялық фольга, полимер мен пластик негізіндегі субстраттар бар. Мәселен, 2022 жылғы үлгідегі 20 000 теңгелік банкнотада 25 қорғаныс элементі бар.
Теңге күнімен қатар қай мереке аталып өтеді?
Банкнот фабрикасында азаматтардың паспорты мен жеке куәлігі қай жылдан бастап шығарыла бастады?
Ұлттық валютаны айналымға енгізу жөніндегі жұмыс тобына кім жетекшілік етті?
Дәулет Сембаев — қазақ металлургі, қаржыгер және мемлекет қайраткері. Қазақстандағы зейнетақы реформасының (1998 жыл) негізін қалаған.

