Technovation Dubai
Фото: Technovation Dubai ұйымдастырушылары
2025 жылғы 8 қазанда Дубайда бір мақсатқа ұмтылған бірқатар сарапшы бас қосты. Биылғы Technovation Dubai форумының тақырыбы – жаңа технологиялар мен ғылымның күші арқылы темекісіз болашаққа жол ашу.
Бұл жолы сөз адам өмірінің сапасын арттыратын, миллиондаған адамның денсаулығын сақтайтын инновациялар туралы болды. Baribar.kz тілшісі форумға қатысып, Philip Morris International компаниясының басшылары мен сарапшыларынан темекісіз болашаққа апарар жол, инновацияның рөлі және дамушы елдердегі негізгі қиындықтар туралы сұхбат алды.

Әлемнің әр түкпірінен келген сарапшылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдері темекіге балама өнімдердің келешегі жайлы пікір алмасуға жиылған. Форумның бас идеясы — зиянды азайту және технологияларды барлық елге, әсіресе дамушы аймақтарға жеткізу.

7316deec588534bbc9e4fc236ccfc70b Technovation Dubai: Темекісіз болашаққа қалай жетеміз?
Фото: Technovation Dubai ұйымдастырушылары

Негізгі сұрақ: Технология бар, ал қоғам оған дайын ба?

Форумды PMI компаниясының бас директоры Яцек Олчак ашты. Ол темекіге тәуелдіктің әлі де әлемнің көптеген елінде өзекті мәселе болып тұрғанына тоқталды.

Түтінсіз технология бар әлемде темекіге тәуелді болудың жиі кездесетіні дұрыс емес. Бүгінде кейбір темекі шегетіндер дәстүрлі темекіден әлдеқайда зияны аз баламаларды қолданады. Ал басқалары әлі де ондай мүмкіндіктен тыс қалып отыр. Темекісіз болашаққа арналған технология қазірдің өзінде бар және өзгеріске дайын. Алайда нақты ілгерілеу тек инновация адамдардың өміріне еніп, күнделікті қолданысқа айналған кезде жүзеге асады. Мен адамдардың мүлде темекі шекпегенін қалаймын. Алайда шындығында миллиондаған адам бұл әдеттен әлі де арыла алмай келеді. Сондықтан оларға зияны аз балама ұсынуымыз керек. Технология осындай сәтте көмекке келеді. Ғылыми зерттеулер түтінсіз өнімдер зиянды заттардың мөлшерін 95%-ға дейін азайта алатынын көрсеткен. Түтінсіз технологиялар бар әлемде ескі әдетке байланып қалу дұрыс емес. Біздің мақсатымыз — келесі 10–15 жылда темекі сатуды тоқтату, — деді компания басшысы.

Компания 2030 жылға қарай табысының екіден үш бөлігін түтінсіз өнімдерден алуды көздейді. Бұл — темекі индустриясының бағытын түбегейлі өзгертетін тарихи қадам.

Оның айтуынша, инновация адамдардың өміріне еніп, қоғамның әр санаты қол жеткізе алатындай болғанда ғана өзгеріс болуы мүмкін. Яцек Олчак реттеуші органдарды, ғалымдар мен азаматтық қоғамды ортақ мақсатқа бірігуге шақырды.

PMI-дің Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Африка және ТМД аймақтары бойынша президенті Фред Де Вильде дамушы елдердегі ахуалды ерекше айтып өтті.

Көптеген елде ақпарат жеткіліксіз, ал жаңа технологиялар тым қымбат тұрады. Біз түрлі табыс деңгейіндегі адамдарға лайық өнімдер ұсынып, ешкімді артта қалдырмауға тырысамыз. Бұл — тек бизнес емес, жаһандық әлеуметтік жауапкершілік. Себебі әлі де дамушы елдерде темекіден болатын ауру мен өлім-жітім көптеп тіркеледі, — деді ол.

Technovation Dubai
Фото: Technovation Dubai ұйымдастырушылары

«Никотин тәуелді етеді, бірақ қатерлі ісік тудырмайды»

Форумда ең өзекті мәселе қозғалды, бұл мынау: қоғамда қате түсініктер мен мифтер тым көп. Ақпарат болмаған жерде дезинформация үстемдік етеді. Бұл зияны аз өнімдерге көшу процесін тежейді. Ал адамдарды шынайы дерекпен қаруландыру — зиянды азайтудың ең тиімді құралы.

Адам ағзасы әр шылым шеккен сайын темекінің түтіні арқылы жүздеген зиян затты ішіне тартады. Бұл заттар бірден әсер етпегенімен, жылдар өте ағзаны іштен ірітіп, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне ауыр соққы береді.

Ең қиыны – шылым шегудің салдары дозаға тәуелді: күніне неғұрлым көп шексең, соғұрлым қауіп те артады. Бір қызығы, никотиннің өзі қатерлі ісіктің немесе өкпе ауруларының негізгі себебі емес. Никотин тәуелдік тудырады, бірақ ол канцероген емес. Демек, қатерлі ісік, тыныс алу аурулары сияқты негізгі сырқаттарды қоздырмайды. Дегенмен ол ағзаға қауіпсіз де емес — ұрықтың дамуына және репродуктивті жүйеге әсер етеді. Сондықтан мұндай өнімдер тек ересектерге арналған және жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге мүлдем қолдануға болмайды, – деді PMI компаниясының ғылыми өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Томоко Иида.

Сарапшының сөзіне қарағанда, никотинге қатысты ең үлкен мәселе — қоғамдағы қате түсінік. Көпшілік, тіпті кейбір дәрігер де никотиннің өзі қатерлі ісік тудырады деп ойлайды. Алайда Халықаралық қатерлі ісік ауруларын зерттеу агенттігі (IARC) никотинді канцерогендердің ресми тізіміне енгізбеген.

Жапонияда қыздыратын темекі өнімдері енгізілген соң, 10 жыл ішінде темекі сату 50% азайған. Ал Швецияда түтінсіз никотин өнімдері енгізілгеннен кейін темекіден болатын аурулар Еуропадағы ең төмен деңгейге түсті. Бұл — зиянды азайту теориясы емес, дәлелденген тәжірибе.

Зиянды азайтуға бағытталған зерттеулердің нақты нәтижесі бар. Әрине, ең жақсы шешім — темекіні мүлде тастау. Алайда бәрі бірден бас тарта алмайды. Мұндай жағдайда дәстүрлі сигареттен зияны аз баламаларға көшу — денсаулыққа оң әсер ететін нақты қадам, — дейді Томоко Иида.

Томоко Иида
Фото: Technovation Dubai ұйымдастырушылары

Неліктен түтінсіз өнімдердің зияны аз?

Маманның айтуынша, темекінің негізгі зияны жану процесінен пайда болатын заттарда жатыр. Бүгінде темекі шегудің тарихы мыңдаған жылға созылады. Алайда оның адам денсаулығына, қоғам мен қоршаған ортаға тигізетін зияны орасан. Бір тал сигареттің құрамында 6000-нан астам химиялық зат бар, олардың 100-ге жуығы адам ағзасына аса қауіпті.

Темекі түтіні өкпені, жүрек-қан тамырлары мен иммундық жүйені зақымдайды. Ал көп жыл бойы шегу — обыр, бронхит, инфаркт секілді ауруларға әкеледі. Сондықтан кейінгі жылдары әлемдік ғылыми қауымдастық темекі шегудің зиянын азайту жолдарын зерттеуге кірісті.

PMI компаниясы бүгінде өнімін 97 елде ұсынып отыр. Компания өмір дерегіне сүйене отырып, денсаулық көрсеткішін зерттейді. Нәтижесінде көптеген елде темекіден болатын аурулардың азайғаны байқалады.

PMI зерттеулері екі негізгі қағидаға негізделген:

  1. химиялық заттардың әсерін барынша төмендету;
  2. қолданушы үшін қолайлы өнім жасау.

Біз қауіпсіз өнім жасап, бірақ тұтынушылар оны қабылдамаса, денсаулыққа әсері болмайды. Сондықтан ғылыми және технологиялық ізденістермен қатар, адамдардың әдеті мен талғамын да ескеру керек. Темекіні бірден тастай алмаған адамдарға қаупі аз өнім ұсыну — қоғамдық денсаулықты қорғаудың бір жолы. Бас мақсат — түтінсіз болашаққа қадам басу, — дейді Томоко Иида.

PMI компаниясының түтінсіз өнімдер санаты бойынша вице-президенті Кристос Кирицистің пікірі спикерлердің көпшілігіне ұқсайды.

Бір ғана өнім бәріне жарай бермейді. Адамдардың өмір салты мен қажетіне сай бірнеше технология ұсынамыз. Бас мақсат — темекіні тастай алмай жүргендерге зияны аз балама беру, — деді Кристос Кирицис.

269c2822013d9e8e1ea64d7738e18d20 Technovation Dubai: Темекісіз болашаққа қалай жетеміз?
Фото: Жазира Пірімқұл

Жапония мен Жаңа Зеландия тәжірибесі — темекісіз өмірдің үлгісі 

Түтінсіз технологияларды заңды түрде енгізген елдердегі нәтиже таң қалдырады. Жапонияда 2014 жылы қыздыратын темекі өнімдері (HTP) енгеннен кейін темекі сатылымы бірнеше есе төмендеді. 2011–2015 жылдар аралығында темекі сатылымы жыл сайын небәрі 1,8% төмендесе, жаңа өнімдер енгеннен кейін бұл көрсеткіш бес есе жылдамдаған. 2022 жылы Жапонияда темекі шегетіндер үлесі 10,6%-ға дейін азайды — бұл ел тарихындағы ең төмен көрсеткіш.

Ал Жаңа Зеландия классикалық және инновациялық тәсілдерді біріктірді: дәстүрлі темекіге қатаң шектеу қойып, балама өнімдерге қол жететіндей етті. Соның нәтижесінде 2013 жылдан бері темекі шегу деңгейі 52,8% төмендеген.

Форумды қорытындылаған индонезиялық кәсіпкер Омар Карим Прауиранегараның сөзі көпшілікке ой салды.

Инновация тек технология емес, бұл — мәдени өзгеріс. Ғылымға сену және инновацияны қолдау — қоғамға деген құрметтің көрінісі, — деді ол.

Сарапшы қазіргі онкологияның бас міндеті тәуелдіктің шындығын елемеу емес, зиянды азайту екенін айтты. Ол жаңа инновацияларды қолдауға және адамдарға қауіпсіз баламалардың бар екенін хабарлауға шақырды.

Қоғамдық денсаулықты жақсарту үшін бас қадам — адамдарды түтіннен құтқару, — деді сарапшылар бірауыздан.