Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Адам құқықтары жөніндегі комиссиядан бірқатар лауазымды тұлға шығарылды

©inform.kz
Мемлекет басшысының жарлығымен адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жарлық бойынша комиссия құрамынан 11 адам шығарылды.

Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын, – делінген жарлықта.

Тиісінше, бос орындарды келесі тұлғалар иеленді:

  • Аида Балаева – мәдениет және ақпарат министрі;
  • Ажар Ғиният – денсаулық сақтау министрі;
  • Әлия Ехласова – ҚР президентінің әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;
  • Светлана Жақыпова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Асхат Жұмағали – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • Динара Зәкиева – бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
  • Снежанна Имашева – ҚР парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі;
  • Ержан Сәденов – ішкі істер министрі және өзгелері.

Құжат қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.