Смартфон

Иә, смартфон — сәннен қалмайтын сыйлық. Оның үстіне, дүниежүзіндегі пандемияға байланысты біраз адам әлі күнге онлайн жұмыс істеп жүр. Оқушылар мен студенттер де қашықтан оқиды. Бұл — қазір флеш-жады үлкен, бейнекамерасы жақсы жаңа телефон артық етпейді деген сөз. Сол себепті бұл сыйлық — ата-анаңызға, іні-қарындасыңызға, тіпті ата-әжеңізге де ойланбастан беруге болатын тарту. Қазір оңтайлы бағаға сипаттамасы тәп-тәуір аппарат алуға болатынын ескерсек, смартфонды ең ұтымды сыйлық деп те атауға болады.

Iphone, смартфон, телефон
Фото: Оlx.uz

Power Bank қуаттағыш

Ұялы телефон сыйлаудың ыңғайы келмей тұрса, оны Power Bank қуаттағышпен алмастыруға болады. Power Bank — пайдалы құрал. Сондай-ақ қазір бұл гаджеттің сыртына сыйлық алушының есімін немесе логотипін жазып беру мүмкіндігі де бар. Сөреде шаң басып жатпайтын дүниеңіз осы.

97823be813d65dfb0a6a3356e5fbb7c4 Жаңа жылға арналған 7 сыйлық
Фото: Tuitec

Армандар картасы

Жаңа жыл мерекесінде көп адам бір жыл ішінде қандай жетістікке жеткенін немесе қай жерден қате жібергенін еске түсіріп, өз-өзіне есеп беріп жатады. Аяқталып бара жатқан жылға қорытынды жасау — жаңа жылды таза парақтан бастау, жаңа жоспар құру, алға жаңа армандар мен мақсаттар қою. Ал оны орындауға, бір жерге жүйелі түрде реттеуге көмектесетін нәрсе — армандар картасы.

Бұл — кейінгі жылдары әлем психологтары қолдап жүрген әдіс. Әр жан өз арман-тілегін қағаз бетіне түсіреді. Қазір дүкендерде сол шын жүректен шыққан тілегін жазуға болатын арнайы армандар картасы сатылады. Соның біреуін сыйға тартуға болады.

46a309f1022ff0cdbb396402384bea35 Жаңа жылға арналған 7 сыйлық
Фото: Canva.com

Жаңа жылдық жемпір

Қазақта «сұлуынан жылуы» деген сөз бар. Алайда Жаңа жылға ешқашан сәннен түспейтін жылы әрі сәнді свитер сыйлауға кеңес береміз. Мереке атмосферасын сезіндіру үшін жапалақтаған қар, бұғы, шананың суреті бар жемпір алуға болады. Жақыныңызға түрлі-түсті киім ұнамаса, бір түсті, жоғары сапалы жүннен жасалған жемпір алыңыз.

758a5618418ef385c488c96adc1c97a0 Жаңа жылға арналған 7 сыйлық
Фото: Biglion

Жылы тәпішке

Жылы тәпішке мен тоқылған шұлық — ешқашан трендттен қалмайтын сыйлықтардың бірі. Оның үстіне бағасы да аса қымбат емес. Танысыңыздың талғамын дұрыс білмеген жағдайда ақ, қара, сұр, қоңыр сияқты стандарт реңктерді таңдаған абзал.

6ce5308f512503db4cafc4fbbb821bf3 Жаңа жылға арналған 7 сыйлық
Фото: BB,tv

Гирлянд

Гирлянд — ең көп таралған жаңа жыл безендіруінің бірі. Көп адам қызыққанымен оған ақшасын жаратқысы келмей жатады. Ендеше оны сыйлық ретінде берген ыңғайлы. Қазіргі кезде тор гирлянданы жаңа жылда тек шыршаға емес, күнделікті өмірде көңіл-күй үшін терезеге немесе қабырғаға іліп қоюға болады.

3cf5f36f89754094be44dba13e879b4b Жаңа жылға арналған 7 сыйлық

 

Сертификат

Танысыңыз көптен бері тай массажына барғысы келіп жүр ме? Бәлкім, дәрігерге тісін емдетуге уақыты не қаржысы жетпей жүрген шығар? Мұндайда көмек беру үшін жаңа жылға арнайы сертификат сыйлауға болады. Бүгінде кез келген мекеме, ұйым мерекелік сертификат жасап береді. Сұлулық салоны, медицина орталықтары, киім-кешек дүкені және тағы басқа. Сіздің бұл тарту арқылы сыйлық алушының көңілін ғана емес, денсаулығын да ойлайтыныңызды көрсете аласыз.

99a72b494a90caf94d255e1828ed6886 Жаңа жылға арналған 7 сыйлық