Орталық мемлекеттік орган басшыларынан, Парламент депутаттарынан, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінен тұратын Үкімет комиссиясы Сортөбе, Масанчи ауылдарында марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің атынан шын қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздерді бұл қиындықта қалдырмаймыз, қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Отбасыларыңызға көмектесеміз, мемлекет сіздерді қолдайды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады.

Бұл қылмыскерлік ниетпен жасалды. Бейтаныс адамдар ауылда жүріп, үйлерді өртеп, ақша мен алтын талап етіп, қарумен қорқытқан. «Үйлерің өртеніп жатыр, шығыңдар» деді. Олардың арасында мас адамдар болды, — деді тұрғындар.

Бердібек Сапарбаев марқұмдардың отбасында болды
Фото: Primeminister.kz

Вице-премьер тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көріп, олардың бәрі қалпына келетінін айтты.

Мемлекет басшысы отбасыларға барлық қажет көмекті және қолдауды көрсетуді тапсырды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бар. Қазір мамандар келтірілген зардапты бағалап жатыр, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтіріледі, — Үкімет басшысының орынбасары.

Үкімет комиссиясының мүшелері жаппай тәртіпсіздік құрбандарын жерлеуге қатысты.

Бердібек Сапарбаев марқұмдардың отбасында болды
Фото: Primeminister.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!