Басты бет Жаңалықтар Табиғат жанашырлары Медеу шатқалының етегіне 80 түп қайың екті

Табиғат жанашырлары Медеу шатқалының етегіне 80 түп қайың екті

Алматыдағы "Медеу" мемлекеттік аймақтық табиғи саябағы аумағында 80 түп жаңа қайың пайда болды. "Жылы жүрек" қозғалысының еріктілері 22 сәуір - Жердің халықаралық күніне орай тағы да ағаш екті. 

Фото: "Жылы жүрек" қозғалысы

Сенбі күні таңертең көріктендіру саласының мамандары еріктілерге, журналистер мен блогерлерге, ағаш еккісі келген басқа да азаматтарға тиісті нұсқау берді. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде «Медеу» мұзайдынына барар жолдағы сел тоқтататын бөгеттің оң қапталында топ жас қайың бой көтерді.

Қайың егу
Фото: «Жылы жүрек» қозғалысы

Еріктілер әр көшетке екі шелек судан құйып, төңіректі қоқыстан тазартып кетті.

Фото: «Жылы жүрек» қозғалысы

Ағаш егу акциясы Алматыдан бөлек, Ақтөбе мен Ақтауда да өтті. «Жылы жүрек» – Beeline компаниясының корпоратив еріктілер қозғалысы, ол экологиялық акциялармен бірге тұрмысы нашар отбасыларға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік істермен айналысады.

Ағаш егуге Алматыдағы осы жерді кездейсоқ таңдаған жоқпыз. «Медеуге» баратын жол — қаладағы ең танымал туристік бағыттардың бірі. Бірақ эстетикалық және экологиялық мәселелермен бірге қауіпсіздік мәселесі де бар. Көшеттер селден қорғайтын бөгеттің қасына егілді. Тамыры тереңге кеткен соң қайыңдар қала үшін қосымша қорған болады. «Жылы жүрек» қозғалысы шараға қолдау көрсеткені үшін Алматы әкімдігіне, сонымен бірге акцияға сараптамалық көмек көрсеткені үшін «Ағаш ек» қоғамдық бірлестігіне алғыс айтады, — дейді «Beeline Қазақстанның» корпоратив әлеуметтік жауапкершілік менеджері Анар Жұмағұлова.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version