Эмоджилар қай шығарманы еске салып тұр?

Бұл - Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлке" романы.
Суретте қай романның атауы бейнеленген?
Эмоджилар қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш көлемді прозалық туындыны, Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" романын сипаттап тұр.
Қай шығарманың атауы жасырылып тұр?
Бұл - Сәкен Жүнісовтің "Жапандағы жалғыз үй" романы.
Мұнда қай шығарманың атауы жасырылған?
Бұл - Мұхтар Мағауиннің Зигфрид, Нартай, Дәуренбек есімді кейіпкерлері туралы "Бір атаның балалары" атты шығармасы.
Суретте қай шығарманың атауы бейнеленген?
Бұл - Шерхан Мұртазаның өз анасы туралы "Ай мен Айша" шығармасы.
Бұл қай туынды?
Эмоджилар Сәкен Сейфуллиннің бандылардың қарақшылық әрекетін әшкерелеуге арналған "Бандыны қуған Хамит" әңгімесін сипаттап тұр.
Мұнда қай туындының атауы бейнеленіп тұр?
Бұл - Бердібек Соқпақбаевтың cоғыстан кейінгі жылдардағы студенттер өмірі туралы "Өлгендер қайтып келмейді" романы.
Бұл қай шығарма?
Әрине, бұл - Әзілхан Нұршайықовтың танымал романы "Махаббат қызық мол жылдар".
Мұнда қай туындының атауы сипатталып тұр?
Бұл - Оралхан Бөкейдің роман жанрындағы тұңғыш туындысы "Өз отыңды өшірме".
Эмоджилар қай шығарманың атауын жеткізгісі келіп тұр?
Суретте Сәбит Мұқановтың "Жұмбақ жалау" ("Ботакөз") романының атауы жасырылып тұр.
Әлеуметтік желіде бөлісу: