Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министріне бюджет түсімін көбейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министріне бюджет түсімін көбейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әлихан Смайылов. Фото: Аkorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер, бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет шығындарын оңтайландыру мен мемлекет бюджетіне түсімді көбейту қажет екенін айтты. Сонымен бірге Президент кеден және салық әкімшілігінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру мен өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы да баяндады. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірінші вице-премьерге бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version