Ең алғашқы смайлдар 1982 жылы 19 қыркүйекте қолданысқа енгізілген. Оның авторы ағылшындық ғалым Скотт Эллиот Фалман. Оның смайликтерді ойлап табудағы мақсаты — өзі жұмыс істейтін Карнеги — Меллона университетінің хабарландырулар тақсатындағы жазбалардың қайсы әзіл, қайсы маңызды екенін білдіру болған екен.
19-Sep-82 11:44 Scott E Fahlman 🙂
From: Scott E Fahlman <Fahlman at Cmu-20c>
I propose that the following character sequence for joke markers:
🙂
Read it sideways. Actually, it is probably more economical to mark things that are NOT jokes, given current trends. For this, use
🙁
Бұл тұңғыш рет смайл қолданылған хат. Оны Скотт Эллиот жазған. Аударатын болсақ: «Әзіл жазбаларды ажырату үшін 🙂 белгісін қолдануды ұсынамын. Қырынан оқылады. Ал кейінгі кездегі экономикалық жағдай әзілге орын қалдырмай отырғандықтан мынандайды қолданыңыз 🙁 «,-деп жазылған. Бұл хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылған.
Қазіргі таңда смайлды қолдану кең тарап кетені соншалықты, олардың 100-ден астам түрі бар екен. Көп қолданылатыны — классикалық смайлдар. Ерекшелігі қырынан оқылуында. Бұл эмотикондар адамның эмоциясын, мимикасын,ымдауын, әрекеттері мен жағдайын, сонымен қатар әртүрлі персонаждарды білдіреді. Төменде классикалық смайлдардың бірнеше үлгісін көрсеттік.
Эмоционалдық күлегештер | |
---|---|
Жазылуы | Эмоция немесе жағдай |
🙂 =) 🙂 |
күлімсірегендік, қуаныш |
🙁 =( {=»-( |
мұң, қайғы |
😐 | ойға түскендік немесе бейтараптылық |
😀 😀 |
күлкі |
*О* *_* ** |
тамсанғандық |
XD xD |
көзді жұмып күлгендік |
:-C :C |
қатты қамыққандық, қынжылыс |
:-/ :-\ |
наразылық, абдыраушылық немесе реніш |
:-0 :O O: |
таңқалыс (ашық ауыз) |
о_О oO o.O |
таңқалыс |
:-e | көңілдің қайтқаны |
😯 =-O |
қатты таңқалыс (ашылған ауыз, бақырайған көздер) |
:-[ ] | қатты таңқалыс (салбырап қалған жақ) |
:-[ | абыржығандық, ұялғандық |
%0 | жөн-жосықтан айырылғандық |
>:-D | табалаушы күлкі |
}:-> ]:-> |
арам, зымиян күлімдеушілік |
:’-) :’-D |
қатты күлкі, шегі қатып күлу |
D-: | ашу, ыза |
Әрекеттер | |
Жазылуы | Әрекет |
😉 😉 |
көз қысу |
:-Q | темекі тарту |
😛 :-p :-Ъ |
тіл шығару |
:-* | сүю |
{} | құшақтау |
:} | ынтықпен, құштарлылықпен сүю |
:_( :~( :'( :*( |
жылау |
:-@ | бақыру, айғайлау |
:-X | сыр білдірмеу, үн қатпау |
:-! | жеркену, лоқсу |
Персонаждар | |
Жазылуы | Персонаж |
😎 B-) |
көзілдірікті кісі |
O:-) | періште |
%) | жынды, есі ауысқан |
:-E | вампир |
:-F | бір азу тіссіз вампир |
::-) | мутант |
[:] | робот |
-=<:-) | сиқыршы |
о-) О-) |
циклоп |
:-][ | бассүйек |
😕 | түтік тартып жатқан кісі |
Э:-) 3:-) |
елік, марал |
*:O) | клоун, қылжақбас |
:*) | мас немесе ұялғаннан қызарған |
Басқалар | |
Жазылуы | Сипаттамасы |
<3 | жүрек |
@>— @}~>~~@-‘-,’-,— |
гүл, раушан |
[:|||:] [:]/\/\/\[:] [:]|||[:] |
баян |
(.)(.) | әйел омырауы |
>(///)< | кәмпит |