Басты бет Жаңалықтар Жаңа смартфонды 14 күн ішінде қайта өткізуге немесе алмастыруға тыйым салынды

Жаңа смартфонды 14 күн ішінде қайта өткізуге немесе алмастыруға тыйым салынды

Заңның жаңа редакциясы бойынша сатушы тұтынушы сапасыз телефон сатып алған жағдайда ғана оны алмастырып беруге немесе ақшасын қайтаруға құқылы.

Фото: Оlx.uz

Жаңа ұялы телефонды немесе басқа гаджетті сатып алғаннан кейін оны 14 күн ішінде қайта тапсыруға немесе алмастыруға тыйым салынды. 2019 жылдың 2 сәуірінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңның 30-бабына осындай түзету енгізілді.

Заңға енген түзету бойынша сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде қайтаруға немесе алмастыруға болмайтын тауарлардың қатарына ұялы байланыстың абонеттік құрылғылары қосылып отыр.

«Байланыс туралы» заң бойынша ұялы байланыс абоненттік құрылғылары — абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақта географиялық жағынан анықталатын тұрақты орны жоқ жеке пайдаланылатын байланыс құралы. Басқаша айтқанда, бұл — телефондар, планшеттер мен ұялы байланысқа қосуға болатын басқа да құрылғылар.

Заңға енген түзетулер сатып алушыдан гаджетті таңдауға асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеді, себебі сатушы оны алмастырудан немесе ақшасын қайтарудан бас тартуы мүмкін.

Дегенмен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның сапасыз тауарды ауыстыруға құқық беретін 15-бабы өзгерген жоқ. Егер сатылған телефон сапасыз болса, сатушы оның орнына басқасын беруге немесе ақшасын қайтаруға міндетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version