Басты бет Жаңалықтар Президент әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдауды күшейтуді тапсырды

Президент әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдауды күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қабылдады. Фото: Аkorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Бектанов Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуал жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Мұрат Бектанов Президентке осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы да баяндады.

Кездесудің соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту және өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version