1. Баланың бойында комплекс тудырмау керек
Еврей анасы ешқашан да баласына «Сен жамансың!» деп айтпайды, еврей анасы былай деп айтады: «Сен секілді жақсы бала қалай ғана бұл жаман істі жасады екен!». Еврей аналарының ұстанымы мынандай: «Менің баламда еш кемшіліктер жоқ және олардың болуы да мүмкін емес!». Мүмкін олар кемшіліктерді көріп те тұрған болар, алайда оны олар ешкімге де тіс жарып айтпайды.
2. Ақылмен ерік беру
Бүгінгі еврей тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі нәрседен тұрады: балаға ерік беру және қатал талаптар қою. Бұл стилді сипаттайтын метафора мынау: іші бос, алайда қабырғалары қатты нәрседен жасалынған кең бөлме. Еврейдің үйінде балалар ойына келгенін жасайды, әке-шешесінің басына шығады. Алайда әкесінің паспортын анасының 100 доллар тұратын помадасымен бояу – балаға ренішпен қараудың себебі емес. Еврей ата-анасы үшін баланың еркіндігі арнайы «тәрбие әдісі» емес, еркіндік – баланың тыныс алатын ауасы іспетті.
Ал қатал тәрбие бала рұқсат етілгеннің ауқымынан тыс шығып кеткенде басталады. Еврей жанұясында анасының қымбат әтірсуын мысықтың үстіне құйған әбестік емес, алайда әжесіне сөз қайтару – бұл өрескел, тыйым салынған әрекет екендігі түсінікті нәрсе.
3. Баланы мақтаудың кез келген мүмкіншілігін пайдалану
Анасы әр кезде өз баласын мақтайды. Бұл мадақтау баланың шыр етіп жерге түскенінен басталады. Еврей анасы баласының тіпті болмашы табыстары мен жетістіктеріне қуанады: Мейлі бір жаңа буынға тілі келсе де немесе шимайланған алғашқы сурет салса да. Бұл туралы анасы өзінің барлық достары мен жақындарына да айтады, өйткені мұның ең басты мақсаты мынада: Бала өзін елдің алдында мақтап жатқандығын көруі керек.
Ал баласының жетістіктері шынымен де мақтауға тұрарлық болса, онда ұзақ қол шапалақтау мен отбасы мүшелерінің барлығының да көп мақтау айтуын күту керек. Егерде біз баланың бойындағы барлық жақсы қасиеттерін, тіпті құртақандайларын да байқап жүруге өзімізді үйретсек, оларды әр оңтайлы кезде мақтасақ, онда бұл әрекетіміз баламыздың мінез-құлқын түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Балаларымыздың жақсылыққа деген ұмтылысын нығайту үшін оларға өз достарымызға қалайша балаларымызды мақтап жатқанымызды «білдіртпей», абайсызда, кездейсоқ болған секілді қылып естірту керек.
4. Өз іс-әрекеттеріңе деген жауапкершіліктің жоғары деңгейі
Еврейлер балаға айтылған әрбір сөз (мейлі ол тіпті асығыста айтылса да), баланың көзінше жасалған әрбір әрекет (мейлі ол тіпті болмашы болсын) түзетуге болмайтын өзгерістерге алып келетіндігіне сенеді. Сондықтан да олар балаларына үлгі болу және әр сөзі мен әрекетіне асқан жауапкершілікпен қарау арқылы өз балаларын бағыттайды.
5. Жанұядағы махаббат пен сыйластық – баланың психикалық салауаттылығының кепілі
Еврей дәстүрі кез келген жанұяның негізін күйеуі мен әйелі, яғни әке мен ана құрайды деп түсіндіреді. Сондықтан да кішкене күндерінен бастап балаларды шешенің әкеге және әкенің шешеге деген қамқорлығы бірінші орында тұратындығына үйрету керек. Егер бала өз әке-шешесінің ең алдымен бір-бірі үшін өмір сүріп жатқандығын бойына сіңірсе, олардың өзара қарым-қатынасы сыйластық, махаббат пен қамқорлықтан тұратындығына көзі жетсе, онда бала өзінің қорғанышта болатындығын сезінеді. Бұған қоса ата-анасының мұндай қарым-қатынасы — еліктеуге тұрарлық тамаша үлгі. Дәл осындай қарым-қатынасты бала есейгенде өз жанұясында құруға тырысады.
6. Әке мен ана болуға үйрену
Ата-ананың тәрбиесі баланың дүниеге келуінен де ертеректе басталады. Қыз бала тұрмысқа шыққанда ана болуға дайын болады, өйткені оны «өзің үшін өмір сүр» деп үйретпейді, «сенің басты қызметің – үй мен отбасы» деп үйретеді. Егерде жас жұбайлар «әзірше бала табуды ойламайық: карьера жасап, жетістіктерге жеткеннен кейін ғана ана мен әке болайық, әзірше бағымызды байламайық» деген түсінікті қабылдаса, онда оларға жақсы баланы тәрбиелеу қиынға соғады. Бәріміз де күшті қайда жұмсасақ, сол жақтан өнім алатындығымызды жақсы білеміз.
Өмірде табысты, өздігімен өмір сүре білетін, екі аяғында нық тұратын балаларды тәрбиелеу мақсатында еврейдің ғұламалары мықты тәрбие жүйесін құрған. Бұл жүйемен кез келген адам ата-аналардың арнайы курстарында таныса алады. Осы секілді курстар әлемнің көптеген қалаларында синагогалар мен еврей мектептері жанында бар.
Табысты тәрбиелеудің бірінші ережесі мынау: балаңа жақсы тәрбие бергің келсе, онда алдымен өзіңді тәрбиеле, үйрен, «ана және әйел», «әке және күйеу» деген кәсіптерді иемден.
7. Балаларды өз уақытын дұрыс жұмсауды үйрету
Еврей балалары жалқаулық пен бос сенделу, көше қыдыру дегенді білмейді: скрипка, ағылшын тілі, математика – барлығы да бір мезгілде және аз-аздап жүзеге асырылады. Балалар кішкене кезінен бастап «Ылғи да қолдың бос болмауы – дұрыс нәрсе» деген ойға үйренеді.
Алимов Асхат
Керемет тәрбие. Қазақ ұят болады, тыныш отыр, таяқ жисің -деп баланы қатты қысамыз-ау осы. Үйдегі бала тәрбиесі мен мектептегі бала тәрбиесіне аларымыз көп дүниелер бар екен.
Құнды дүние,керемет жазылған. Құрметті әріптес сізге көп рахмет! Мен өзімдегі кемшілікті көргендей болдым. Күнделікті тұрмыста бала тәрбиесі туралы ойлағанымен қаншалықты жүзеге асырып жатқанымызды айту қиын. Өте күрделі сұрақ туындайды.
Маған ең ұнағаны: «…онда алдымен өзіңді тәрбиеле,үйрен, «ана және әйел», «әке және күйеу» деген кәсіптерді иемден,» Осы сөздерді оқығаннан кейін ана ретінде бала тәрбиесінде жіберіп жатқан қателіктерім көз алдымнан өтті. Бір сәтке өз анамның ешқашан бетімізден қақпай ,бірақ дұрыс өмір сүруді бағыттағаны есіме оралды. Біз әрқашанда екі қадам алға басқанымызбен бір қадам артқа жүріп, өткенге көз жүгіртіп отырсақ, бізден ұлы ғұламалардың шықпасына кім кепіл.
Дұрыс айтасыз,
Өзіміз қателік жасайтын болсақ, балаға үлгі бола алмайтынымызды естен шығармайық. Балаларымыздың бос уақытын әрдайым бір іспен айналысып жүруін кез келген ата-ана, ұстаздары қадағаласа онда біздің жарқын болашағымыздың өсіп өнуі бұданда тамаша болар еді.
Мәз мейрам бүгін балалар.
Естисің сыңғыр күлкісін.
Естисің тәтті сөздерін.
Байқайсың жанған көздерін.
Cізге,көп рахмет! Бала — бар байлығымыз. «Күшті қайда жұмсасақ, өнімді сол жақтан аламыз»деп бала тәрбиесіне бейжай қарамау әр отбасының, әр отбасы мүшелерінің міндеті екендігіне тағы да басты назар аударуға бағыттайды.
Еврей халқының бала тәрбиесіне қатысты құнды деректерін келтіргеніңіз үшін көп-көп рахмет. Тағдырдың талай тәлкегі мен қиын-қыстау кезеңін бастан өткерген еврей халқының адамзат тарихында алатын орны ерекше. Еврейлер туралы қасиетті кітаптарда да сөз етіледі… Не себепті фашистік диктатура еврей ұлтына «дискриминация» тұрғысынан қарады?,-деген сұраққа тарихта да бірнеше сұрақтар мен жауаптар бар. Түптеп келгенде, еврей ұлтының өзге ұлттарға қарағанда туа біткен қанындағы ерекшелігінен болар… Дегенмен, өзге ұлттардың бала тәрбиесіндегі тәжірибелік ерекшеліктерін оқумен қатар, неге өзіміздің, яғни, қазақ халқының этнопедагогикалық құндылықтарына аса мән бермеске. Біздің халықта да «Бала тәрбиесі ана құрсағы мен тал бесіктен…»деген тамаша тәрбиенің бастауы бар. Шариғат жолымен дәстүрімізге етене сіңіскен ата-баба салған тәрбиедегі сара жол ұмыт қалмай, өз жалғасын тапса қазақтан асқан халық жоқ. Мысалы: Құнанбайды дәретсіз емізбеген Зере әжеміздің, салиқалы Ұлжан, Ділда аналарымыздың тәрбиесінен Абайдай /Ибраһим/ дара тұлға тумап па еді? Ал, Балғожа бидің тәрбиесінен сусындаған Ыбырай/Ибраһим/ атамыздың бала тәрбиесіне қосқан үлесі ше?. Сондай-ақ, Айғаным анамыздан тәрбие алып, өсіп-өнген Шоқан /Мұхаммед Қанафия/ Уәлиханов, Құнанбай мен Абайдан тәлім -тәрбие алған Шәкәрім /Шаһкәрім/ағамыздай ұлт мақтаныштарының ана құрсағы мен тал бесіктен бастау алған тәрбиесін неге сөз етпеске? Айта берсек, тізімді жалғастыра беруге болады. Қазақтың туа біткен мінезіндегі қайсарлығы мен дархандығы, жомарттығының, адам баласына деген оң ниеті мен тамыры тереңде жатқан тағылымы мол қасиеті болар, бүгінде, әлем тарихында алғашқы ондықтың көшінде тоғызыншы орында жер тепкені мақтанарлық жайт. Қазақтың тарихы тұңған шежіре. Өкінішке орай, бүгінде батырлар дастанынан жыр соғатын ақ жаулықты әжелеріміз, шежірені бүге-шүгесіне дейін тарқататын аталарымыз, бесікті жырымен тербететін аналарымыз, асқар таулық рухы бар әкелеріміз, шолпысының сылдырын шығаруға сескенетін сіңілілеріміз, аға тұрып, іні сөйлемейтін игі сыйластыққа негізделген тәрбие бастауымыз сияқты ұлттық құндылықтарымыз жоғалу алдында тұр. Әлемнің екінші ұстазы /»Муалиим ассана»/ Әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер», — деген нақыл сөзі тәрбиенің жәй айта салатын сөз емес, үлкен ізденіс пен нәтиженің жемісі екенін көрсетеді. Ендеше, дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды қайта өркендету жолында ұлттық табиғи болмысымызға тән ерекшелігімізді танып қана қоймай, кеңінен зерттеп өскелең ұрпақтың бойына дарыта білсек нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет!
Ырымдар мен тыйымдар арқылы өскен қазақ балалары да жаман болмас.Тәлім-тәрбие беруге уақыт тапшы болып та жатады. Өзімізге шынайы жауап беріп көрелікші: жанұядағы әр балаға күніне неше минут (сағат демей-ақ қояйын) бөлеміз?.. Алтыншы пункт- тура қазақ халқының тәрбиесі. Кішкентай кезінен қыздар ана болуға бағышталады. Оны қалыпты жағдай деп түсінеді. Соңғы пункт туралы: қай ата-ана баласының сенделіп бос жүргенін қалайды дейсің? Сұрақ басқаша. Әсіресе ауыл балаларының қосымша білім алатын орындар аз.
Еврей халқының тəрбиесін анамыздан естіген едім. Сол тəрбиені анамыз бізге беруге тырысты. Біз, бесеуіміз де өміірден өз орнымызды таптық. Біз де, балаларымызға осы тəрбиені анамыз айтқандай тəрбиелеудеміз.
Баласы біреумен шекісіп қалса қазақ «Өй, қорқасың ба? Тұмсығын бұз!»дейді, еврей:»Балам, наданмен надан болма, өзіңді олардан биік ұста»
Қазақ балалары атасының, әжесінің, әкесінің, мамасының баласы болып «жіктеледі». Сол мәртебеге орай оларға сөз өтуі қиын. Әсіресе атасы мен әжесінің баласына басқалардың әмірі жүрмейді.
Еврейлерде мұндай шолжаңдық жоқ. Бала үшін әке-шешенің сөзі — заң. Осы айда мына кітапты оқисың дей ме-оқылады, осынша есеп шығарасың дей ме-шығарылады.
«Сенің атаң батыр болғанға» арқаланған қазақ баласы спортзалда қарсыласын төмпештеп, алысып-жұлысып жатқанда еврей баласы бір бөлмеде скрипкасын шиқылдатып, немесе, шахмат ойнап отырады…
Қазақ 16 жасқа толған баласының өзін еркелетіп, айналып-толғанып отырады.
Еврей баласы 16 толып, қолына төлқұжат алғаннан кейін «Мен Ұлы Отанымды, халқымды ешқашан жерге қаратпаймын!» деп салтанатты жиында қандастарының көзінше ант береді..
Әңгіме бала тәрбиесі туралы болғандықтан өзгелердің пікірін білу мен үшін маңызды.Осы бағдарламаны оқып,ойлау қатары бойынша ой-өрісіміз ұлғая бастағалы не нәрсеге де жан-жақты сақтықпен қарауды ғана емес,нені қалай жақсартсам болады деген ойлану дағдысы қалыптаса бастады.Еврейлердің бала тәрбиесі туралы пікірі емес, мені ата-ана ретінде,әрине, мектеп оқушысы сонымен бірге,өзіміздің осы уақытқа дейінгі алған тәрбием көп ойландырады,сын көзбен де қарай бастадым. Бірақ менің не менің замандастарымның алғаны қазақ тәрбиесі ме? Әлде кеңестік жүйедегі қазақ тәрбиесі ме? Осы екеуінің арасында айырмашылық бар ма?
Еврейлер саныныың аздығына қарамастан(13.5 млн) қазір әлемде ұлт есебінде үлес салмағы қай деңгейде?
19 ғ дейін көшпенді қазақ бола тұрсақ та ұлан-ғайыр жерді жауға бермей ұстатқан қазақ аталарымыздың қандай тәрбиесі? Білімден кендеміз десек,осы бағдарламадағы оқыту мен оқу туралы заманауи әлемдегі жетістіктерге негізделген түйінді ой айтқан шетел оқымыстыларының пікірлеріне баламалы оқыту туралы пікір айтқан ағартушыларымызды көптеп тауып отырмыз. Қайталап айтам: айтқан. Сол білгенімізді қаншалықты қолдандық? Қолдана алатындай кеңестік білім жүйесінде еркіндігіміз болды ма ?Әлде шынымен де қанға сіңген өзіндік мені жоқ жасықпыз ба? Жасық болсақ Махамбет пен Исатай, Сырымдар қайдан шықты?Олардың тағдыры немен аяқталды?Кешенді оқыту, қайталап оқыту ,пәндерді байланыстыра оқыту туралы Жүсіпбектің жазбалары неге сол кезеңде қолданылмады? Міне мен осы сұрақтардың жауабын өзімше табамын,тапқаннан кейін бағдарлама идеясына сәйкес икемді, заман ырғағына сәйкес дағдыларды ғана меңгеріп, мақсатқа ғана ұмтылу, тек нақты критерийлер қой да өз мақсатыңа жетуді ойла деген идеямен балаларды тәрбиелеу керек -ау деп заманауи ата-ана мен ұстаз болуды ойлап қоямын. Ал бала ше? Оны айтып отырған себебім: бірде 10 жастағы қызым ана, орыстар біздің тілімізді оқи ма? деген сұрақ қойды? жоқ дедім мен. Неге онда біз ол тілді оқимыз? Ал ағылшындар ше? жоқ дедім мен.
Онда біз не себепті оқимыз? Себебі көп тілді білу әлемде еркін жүріп тұруға мүмкіндік береді.өз ойыңды қай тілде де еркін айта аласың.Мысалы Бауыржан Момышұлы сияқты. Орыс тілінде білім алу Бауыржан атаның қазақтық бітімін жойған жоқ. Ааа түсінікті деді. Не болғанда да балаға өзге ұлтты мысалға алып емес өзге ұлттың тілі мен мәдениетін жатқа біліп қазақша ойлайтын, өз ұлылары мен ұлтын дәріптейтін тәрбие береміз деп жатырмыз.
Жаңартылған білім мазмұнында ұлттық құндылықтарға басымдық берілуі қатты қуантады.Мысалы орыс мектептерінде бесік жыры мен сабан тойды.наурызды ортақ тақырыптар ретінде барлық пәндере оқуы да керемет.Мектепте ұстанымы өзгерген оқытушылар,өзінен оқушыны жоғары қоя білетін ұстаздар командасы құрылған жағдайда,уйде баланың еркіндігіне негізделген жанұя ұйытқысын жасай алатын ата-аналар қалыптасып жатырса бағдарлама діттеген мақсатына жетер еді-ау. Сол себепті әлем елдеріндегідей Қазақстанда да семейный коуч-консультанттар, мектепте де коуч-консультанттар болса артық етпейді. Себебі ұстанымы өзгерген тренерлер корпусы көптеген тәжірибелік дағды мен іс-әрекеттегі зерттеудегі ой-түйіндері бары анық.
Себебі басым бөлігі бұрынғы дәстүрлі педагогика мен методологияны біле тұра 21 ғ сәйкес оқыту туралы ,ұстаным мен көзқарастарына мол өзгеріс жасағаны анық.
Мен сізге толықтай қосыламын! Өзім де дәл сіз сияқты ұлттық тәрбиені жандандыру қажет деп, жүрген жерімде айтып жүремін. Өз басым, қазақты баланы дүниеге шыр ете қалғаннан қадірлеген ұлт деп білемін! өзгеге аузымыз суы құрығанша өз тамырымызға үңілейік.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші,тәрбие басы ата-анадан.
Иә, білім беруден алдын дұрыс тәрбие беру маңызды. Имандылыққа тәрбиеленген бала әр салада алда болары сөзсіз. Мағыналы мақала үшін рахмет!
Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу
Еврей халқының ұрпақ тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайтыны жөнінде бұрыннан хабарым бар болатын, отбасын құрғаннан бастап, бала көтеруге дейін асыратын іс-шаралар қатарына болашақ Әкенің және Ананың өз денсаулықтарына деген ерекше күтімі бала көтергеннен кейінгі шаралармен жалғасын тауып, әрі қарай бала өмірге келген соң, оның тәрбиесімен әрі қарай ұласатыныны өте тамаша үлгі деп есептеймін. Расында біз баланы тек бала деп қараймыз көбіне, оның біздің болашағымыз екеніне жөндеп көңіл де болмейміз. Біз тек бүгінімізді ғана ойлап, бала тәрбиесін бақша мен мектепке ысырып қоямыз. Біз оларды кішкентайында бақшаға шырылдатып апарып тастаған соң, олардың арасынан ата-аналарын қартайғанда Қарттар үйіне қынжылмастан тапсыратындар, балаларын жол- жөнекей қалдырып кететіндер де шығып жатыр емес пе?! Нағыз ұлттың азғындауының көрінісі сияқты болып көрінеді маған. Мейлің, жыла, мейлің күл!
итбтобдол
Еврейлердің бала тәрбиесі бізге үлгі боларлықтай. Жанұядағы сыйластық -балаға өте әсер етеді. Ұядан ұшқанда не көрсең соны ілерсің деген қазақта мақал бар емес пе. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек.
Баланы еркелетпей өсіру керек,өз дәрежеңде тең ұстап,сырласатын болсаң тәрбиеде көп нәрсені ұтасын.
Өзіміздің қазақи тәрбиеміз қай ұлттан болсада кенде емеспіз,тек өкініштісі қазақи тәрбиеден көз жазып қалғндаймыз.
Еврей халқының бала тәрбиесіндегі тәжірибесі жақсы. Қазіргі қазақ жас ата-аналарға үлгі аларлық. Біз, қазақтар, еврейден үлгі алуға көшкеніміз, ұлттық тәрбие тамырынан ажырап, өзімізді-өзіміз қадірлемейтінімізді дәлелдеп келеміз. Бұл ащы шындық. Абайдың алған, берген тәрбиесін өнеге етсек, қазақта Абайға жеткен жан бар ма?!
Оте дурыс айтасыз,негизи озимиздин казахи тарбиемен бойына иманын уктырып тарбиелесе ешкимнен кем болмар еди.Кезиндеги кенес заманындагы баска улттын ен жаман жактарын гана ала алдык па деп ойлаймын.
Себебі Еврейлер балаларын сен данасың,сен ақылдысың,сен бәрінен биіксің деп тәрбиелеп өсіреді
Еврей мұсылман емес, бірақта Құран кәрімде жазылған құнды дүниені дұрыс деп өзіне қабылдады. Мәселен мен православный динде емеспін сондықтан ол ағымдағы көрсетілген жолмен жүрмеймін деу үлкен қате. Әр заманда Аллах тағала адамзатқа дұрыс жол және бағыт бағдар беріледі, яғни елшілері арқылы. Сондықтанда Еврей балаларының психикалық салауаттылығы жоғары.
Өзіміз мұсылманбыз, ата-баларымыз, ата-анамыз ислам тәрбиесін берді ұрпақтарына, қазіргі таңда көптеген ата-аналар (оның ішінде өзімдіде қосқым келеді) ислам жолымен жүре алмай жатқанымыз қынжылатады.
дурыс
Еврейлерде бір салттары бар, алғаш уиленгенде жыныстық қатынасқа бармай тұрып күйеуін ең аргинал деген ешбір коспа жоқ тамақтармен 30 күн күтіп сосон барып жыныстық қатнаска барат, нәтіжесі ұрпағы сапалы болуы үшін, бізде калай бізде ішкені пиво тартканы темекі, дүрыс тамактанбай әиелімізбен жатамыз сол бебепті балаларымыздын кеи біреуі сактау қабілеті нашер баскадаи баскадаи балларымыз болып жатат
Ертеде ата-əжелеріміз де балаларын мықты тəрбиелеген ағайын. Баласының басынан сипамай, арқасынан қаққан. Міне, соның арқасында қанша қиындықтар болса да жойылып кетпей, осы күнге жетіп отырмыз. Үлгі алатын нəрселерді алысқа қарамай, өзімізден іздесек те жетіп жатыр-ау. Əрине, керемет мақала. Бірақ, əр халықтың өз дəстүрі, өз ерекшеліктері болады.
Мен мүлдем келіспеймін,еврейдің тəрбиесін берген атана да баласыда оңбайды.Бізде еврейлердің тəрбиесін беріп,оны насихаттағандарды жазалау керек.Мұсылманға қарсы,айла ойлайтын еврейлерден сақ болайық ағайын.Мұсылманша тəрбиелейік ағайын,қайдағы еврейлерше тəрбиелегенше.
Пайдалы кеңестеріңіз көбейе берсін.Үйренеріміз көп екен əле.Үлкен РАХМЕТ.
Бала тәрбиесінде ана елдікі жаман ,мына елдікі ондай немесе мындай емес жақсысынан үйрен, жаманнан жирен- деген. Балаңның жақсы,еркін,жинақы, мақсатты,бірегей болуына көмектессе кез-келген елдің тәрбиесінен ал. Мен өз тәрбиемнің өаншалықты төмен екенін түсінгендеймін. Ой салып,сәл тоқтап мән бергізгендеріңіз үшін мың алғыс!!! Рахмет сіздерге!!!
Еврейдің тәрбиесі соншама керемет болса, неге олардан соншама керемет адам болып шықпайды, соны айтыңыздаршы маған? Біз Қазақ біріншіден адамгершілікке тәрбиелейміз, ал олар қалай болғанда жетістікке тәрбиелейді.