Бірнеше өңірде жаңбырдың соңынан қар жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұршақ жауады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Бұл өңірлерде жаңбыр қарға ұласады, ауа температурасы төмендейді. Нұр-Сұлтанда да жаңбырдың соңынан қар жауады.

Қызылорда облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Жамбыл облысында найзағай ойнайды.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.