Басты бет Жаңалықтар Арктиканың суығынан демалыс күндері ауа райы қалай өзгереді?

Арктиканың суығынан демалыс күндері ауа райы қалай өзгереді?

Орал аймағынан Арктиканың суық фронттары келіп, жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, ауа температурасы төмендейді.

Фото: Poembook.ru

«Қазгидромет» мамандары 13-15 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан Арктиканың суық фронттарының келуімен жауын-шашын — жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы қалыптасады. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел соғады, — деп хабарлады гидрометеорологтар.

Сенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарында да жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан  облыстарында күн тұманды болады.

Мамандар 13-15 сәуір күндері еліміздің үш ірі қаласында да күн бұлттанып, жаңбыр жауатынын болжады.

Нұр-Сұлтан 

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы: түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

14 сәуір: көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +3,+5°С, күндіз +17+19°С.

15 сәуір: бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9-14 м/с жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3+5°С болады, ары қарай төмендей бастайды.

Алматы

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел соғады. Температура түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С болады.

14 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады.

15 сәуір: көшпелі бұлтты, күндіз кейде жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады.

Шымкент 

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С болады.

14 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С болады.

15 сәуір: көшпелі бұлт, кейде жаңбыр. Оңтүстік 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С болады.

Демалыс күндері Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version