Депутаттар мәжілістегі жиында алдағы үш жылды қамтитын республикалық бюджетті талқылады. Талқылау барысында, телеөнімдер мәселесі де көтерілді. Депутаттардың айтуынша, көгілдір экрандарда менталитетімізге әсер ететін туындылар қаптап кеткен. Оларды қадағалау бойынша жұмыстар қажетті деңгейде емес.
Отандық телехикаяларға немесе жасөспірімдерді патриоттық сезімге бөлейтін бағдарламалардың жоқтығы ма, немесе бюджеттен бөлінетін қаражаттың аздығы ма? — Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Расымен де, отандық телехикаяларға қатысты мұндай проблема бар. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. Жоспардағы заң жобасында шетелдік телеарналардан келетін түрлі өнімге шектеу қою қарастырылған. Ал қаржы жағына келетін болсақ, 2017 жылға арналған бюджетте «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіру қарастырылған,-Жанат Қожахметов, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы