Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болды

Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 2012-2013 жылдары да атқарған.

Болат Жұмабеков бұған дейін Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Ол Көкшетау облысы Куйбышев ауданының Куйбышев ауылында 1972 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Болат Жұмабеков еңбек жолын 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында шаруа қожалығының агрономы болып бастаған. 1999-2005 жылдары Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің төрағасы болды. 2005-2009 жылдары Тимирязев ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, аудан әкімі қызметтерін атқарған. 2009-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті, 2012-2013 жылдары Петропавлдың, 2014-2018 жылдары облыстың Қызылжар ауданының әкімі болды.

ДереккөзTengrinews.kz