Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының орталығына барды

Президент өңірлердегі әлеуметтік нысандарды аралап көріп, теңіз сауда портының жұмысымен танысады және жергілікті халықпен кездеседі.

Ақтау. Фото: Kapital.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сонымен бірге Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр, — деп хабарлады ол.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдағаны хабарланған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version