Астанада Геннадий Головкиннің қатысуымен кәсіби бокс кеші өтеді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бок федерациясы» қоғамдық бірлестік, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында кәсіби бокс саласында ынтымақтастық туралы бес тарапты меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде World Boxing Council 55 мерейтойлық конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бокс кешін Астанада өтетін ЭКСПОкөрмесі барысында өткізуді жоспарлап отыр.

ДереккөзBnews.kz