Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бейсенбінің ауа райы: үш облыста бұршақ жаууы мүмкін

Фото: Pixabay.com

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан, Қызылорда облыстарында жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, бұл екі облыста ескерту жарияланды. Жамбыл облысында да бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында тұманға байланысты ескерту жарияланды.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version