ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, — деген хабарлама жарияланды ҚР Президентінің сайтында.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әрі ҚР Президентінің көмекшісі болып бұрынғы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тағайындалған еді. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие.