Басты бетЖаңалықтарАлматыда жылу...

Алматыда жылу құбырының жарылуынан тұрғындар зардап шекті

Алматыда ескі жылу құбыры жарылып, пәтерлерді су басты, адамдар зардап шекті. Оқиға Пушкин және Төле би көшелерінің қиылысында болды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандарының хабарлауынша, 10 сәуірге қараған түні сағат 04.14-те аталған көшелердің қиылысындағы диаметрі 500 миллиметр болатын құбыр жарылған.

Жылутасығыш апаты салдарынан бір үйдің төрт тұрғыны зардап шекті, — деп хабарлады коммуналдық мекеме қызметкерлері.

Апат салдарынан көпқабатты үйдің жеті пәтері мен сол маңға қойылған сегіз автокөлікке зақым келген. «Алматы жылу жүйесі» кәсіпорны заңмен бекітілген тәртіп бойынша зардап шеккендер мен мүлкіне зақым келгендерге өтемақы төлеуге уәде беріп отыр. Мамандардың айтуынша, құбыр 10 сәуір күні сағат 16.00-ге дейін қалпына келтіріледі.

ДереккөзZakon.kz