ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлының Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары болуы жөнінде түсінік берді.
Қазақстан азаматы ретінде ұлымның Конституцияға сәйкес құқы бар. Бұл — оның таңдауы, ол — өзі шешім қабылдайтын адам. Бұл жерде менің қатысым жоқ. Менің ондай әдетім жоқ. Ол мемлекеттік қызметті таңдады, бәрі өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істесе, қызметте өскені, — деді Бердібек Сапарбаев журналистерге.
Бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары болғаны хабарланған еді. Жансұлтан Сапарбаев 1991 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрылымдарында, Ұлттық экономика министрлігінде, Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданының әкімдігінде жұмыс істеген. Жаңа қызметке 14 наурызда тағайындалды. Ол ішкі саясат, әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік мәселелерін басқарады.