Басты бет Жаңалықтар Қанат Бозымбаев атом электр станциясы құрылысы туралы пікір білдірді

Қанат Бозымбаев атом электр станциясы құрылысы туралы пікір білдірді

Министрдің пікірінше, Семей ядро полигоны халқымыздың санасында фобия қалыптастырған.

Қанат Бозымбаев. Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Президент телерадиокешенінің «Золотая эпоха Нур-Султана и Москвы» атты жаңа деректі фильмінде Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Фильмнің анонсы телерадиокешеннің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Қоғамымызда сондай фобия болып жатқанын түсінеміз, ол біздің мұрамыз — Семей ядро полигонымен байланысты. Ол көп қайғы-қасірет шеккен халқымыздың генінде сақталып қалған. Егер шешім қабылданса, біріншіден, қоғамның пікірі ескеріледі, өйткені қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, — деді министр.

Қанат Бозымбаев АЭС құрылысы жөнінде жергілікті атқарушы органдар тиісті консультациялар жүргізілетінін де айтты.

Владимир Владимировичтің айтқаны — Ресей тарапының тілегі ғана. Біз қоғамымызды ақпараттандырамыз, бұл мәселе Үкімет басшылығының және Мемлекет басшысының бақылауында болады, — деді ол.

Еске салайық, 3 сәуір күні Қазақстан мен Ресей басшыларының ресми кездесуі барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда атом электр станциясын Ресей технологиясы бойынша салуды ұсынды. ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев егер Қазақстан атом электр станциясын салар болса, ол үшін Алматы облысында жер бөлінгенін хабарлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version