Басты бет Басты Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Қала күні» аталып өтеді

Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Қала күні» аталып өтеді

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мега парк» ойын сауық орталығында Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Қала күні» аталып өтеді.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Аталмыш іс-шара егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мереке үш бөлімнен жүзеге асырылады:

  1. Концерттік бағдарлама Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестірінің орындауымен ашылып, патриоттық негізде, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, эстрада жұлдыздарының, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен жалғасады. Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерінің қойылымында тарихи театралдық экскурс және интеллектуалды сайыстар жүргізіледі.
  2. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спорт ойындарын кеңінен насихаттау мақсатында: арқан тартыс, қол күрес, асық ату, кір көтеру және т.б. ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтеді.
    Сонымен қатар, «кроссфит» бағытында эстафета, скандинавиялық жүрістен мастер-класс ұйымдастырылады.
  1. Қорытындылау бөлімі «Zumba» би ұжымының бастауымен «Мыңнан жүйрік, мақсаты биік, арман қалам — Алматым» ұранымен флэшмоб акциясын құрайды.

Одан басқа аталған мерекелік шара аясында «Мега Парк» ОСО-ның алаңында «Суретшілер» одағының көрмесі, Халықаралық «Artbat Fest» фестивалі аясында инсталяциялар көрмесі, «қол өнер» және кітаптар жәрменкесі өтеді. Мерекенің әрбір қонағына Алматының тәтті аппорты тегін таратылады.

Іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқандар: «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық бөлімі, «Ақ Ниет» емдеу сауықтыру орталығы, «Қоғымдық келісім» қоғамдық бірлестігі, «Тұрғын Үй Құрылыс» банк.

Өтетін орны мен уақыты: 17 қыркүйек, сағат 16.00-де, «Мега Парк» ойын сауық кешені (Сейфулин-Мақатаев к-сі қиылысы)

Қосымша ақпарат: 262-26-08, 87009972191 Абылай.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version