Корпорацияның жалғыз акционері — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Әсемгүл Балташева 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін бухгалтерлік есеп, шаруашылықтағы бақылау және сараптама, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін экономика және менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған.
1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ басқарды, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» кәсіпорнында директордің орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған кезде мемлекеттік қызметтер дирекциясына басшылық етті. 2017 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.