Басты бет Жаңалықтар Тағайындау: жаңа ведомствоның 4 вице-министрі және басқалар

Тағайындау: жаңа ведомствоның 4 вице-министрі және басқалар

Үкімет Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің төрт орынбасарын, Президент Ішкі істер министрінің екі орынбасарын тағайындады.

Үкімет үйі. Фото: Liter.kz

Қазақстан Президенті мен Үкіметі 6 сәуір күні тағы бір топ мемлекеттік қызметкерді жаңа лауазымға тағайындады. Бірнеше лауазымды тұлға қызметтен босатылды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімдерімен Марат Қожаев ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне, Махамбет Әбисатов ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жанат Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен Марат Нұрғожин Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды және осыған дейінгі қызметінен босатылды. Дәл осындай қызметке, яғни Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің орынбасары болып Дарын Тұяқов, Абылайхан Оспанов және Асхат Оразбек те тағайындалды.

Еске салайық, 5 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да кадрлық өзгеріс жасаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version