Нұрсұлтан Назарбаев Түркі академиясының президентін қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дархан Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық түркі академиясының қазіргі қызметі мен алдағы жұмыс жоспары және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық түркі академиясының президенті «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде де айтып, Тұңғыш Президентке түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны көрсетті.